AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден қорғау...

Алматыда кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден қорғау: «QAMQOR» шешімі

Алматы 18.03.2026, 11:21 176 dulatbekova
Алматыда кәсіпкерлерді заңсыз тексерулерден қорғау: «QAMQOR» шешімі
Сурет: ашық дереккөз

Алматы қаласының прокуратурасы мен арнайы есеп жүргізу органдары кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға ерекше көңіл бөледі, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл бағыт Мемлекет басшысының тапсырмасымен күнделікті жүзеге асырылып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау басты мақсат болып отыр.

2025 жыл мен 2026 жылдың алғашқы кезеңінде Алматы қаласындағы бақылау және қадағалау органдары 17 619 акт тіркеген, оның ішінде жеке кәсіпкерлерге қатысты – 12 139 акт (11 313 тексеру және 826 профилактикалық бақылау). Департамент заңға сәйкес, заңсыз немесе бұрыс ұйымдастырылған тексерулерді тіркемей қою құқығын пайдаланады. Анықталған бұзушылықтар бойынша жауапты тұлғалар әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, прокуратура кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында мобильді қосымша – «QAMQOR» әзірлеген. Қосымша кәсіпкерлерге тексерулердің заңдылығын бақылауға, құқықтарын қорғауға және мемлекеттік бақылау органдарымен әрекеттерді үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл шаралар Алматыдағы кәсіпкерлік ортаны заңды және қауіпсіз дамытуға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кәсіпкерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Бүгін 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Бүгін 14:36

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Шемякин көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 12:09

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 11:24

Жаңбыр жауып, дауыл соғады: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 10:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика