AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда кәсіби мереке қарсаңында БАҚ өкілдері мар...

Алматыда кәсіби мереке қарсаңында БАҚ өкілдері марапатталды

Алматы Бүгін 11:38 44 yakiya
Алматыда кәсіби мереке қарсаңында БАҚ өкілдері марапатталды

Алматыда Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Достық үйінде өткен іс-шараға журналистер, редакторлар, блогерлер, мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары мен медиа қауымдастық өкілдері келіп қатысты.

Марапаттау рәсіміне Алматы қаласы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Дастан Шерехан қатысты.

Ол осы саладағыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, журналистердің қоғамның дамуына, азаматтық диалогты нығайтып, мемлекеттік институттардың ашықтығын қамтамасыз етуге қосқан үлесін атап өтті.

«Журналистер мемлекет пен қоғам арасындағы маңызды байланыстырушы буын. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, объективтіліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіздің арқасында азаматтар болып жатқан оқиға мен жүзеге асып жатқан реформа туралы уақтылы әрі шынайы ақпарат алады. Қазір «Заң мен тәртіп қағидатының маңызы артып отыр. Олар елдегі тұрақтылықтың, әділдік пен одан әрі дамудың негізі саналады», — деді ол.

Сондай-ақ ол халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік бастамалар мен реформаларды түсіндіру жұмысының маңыздылығына да тоқталып өтті.

Іс-шара барысында Алматының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған қалалық және республикалық БАҚ арасындағы жыл сайын өтетін байқаудың қорытындысы шықты. Биыл байқауға 128 өтініш түсті. Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтап, ақшалай сертификат табыс етті.

Байқаудың қазылар алқасының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сағымбай Қозыбаев ұсынылған материалдардың жоғары деңгейін, шығармашылық тәсілдердің алуан түрлілігін және отандық журналистердің кәсіби шеберлігінің артып келе жатқанын атап өтті.

Байқаудың жеңімпаздары:

«Алматының мәдени өмірі туралы үздік материал» номинациясы бойынша — Индира Біржансал («Қазақ» газеті);

«Алматы туралы үздік тақырыптық бағдарлама» — «Архитектор» бағдарламасы («Алматы» телеарнасы);

«Жасанды интеллектті пайдалана отырып жасалған Алматы туралы үздік жоба» — Аршын Кемелжан («Хабар» телеарнасы);

«Алматыда жүзеге асырылып жатқан реформалар туралы үздік материал» — Юлия Абрамова (NUR.kz ақпарат агенттігі);

«Taza Qazaqstan» — экология және қоршаған ортаны қорғау тақырыбындағы үздік материал — Жанар Қанафина («Еуразия» бірінші арнасы);

«Алматы жастары туралы үздік материал» — Ақтоты Жұмабек (КТК телеарнасы);

«Алматыдағы туризмді дамыту туралы үздік материал» — Әнуар Амангелдинов (31 арна);

«Алматы қаласы аудандарының тыныс-тіршілігі туралы үздік репортаж» — Олжас Омарбек («Алматы» телеарнасы);

«Алматыдағы кәсіпкерлік пен бизнесті дамыту туралы үздік материал» — Рысалдин Бахамов («Вечерний Алматы» газеті);

«Алматы қаласы туралы үздік лонгрид» — Кирилл Харламов («МИР» телеарнасы);

«Журналистикадағы немесе блогингтегі үздік дебют» — Илья Ролдугин (CentralMedia24 ақпарат агенттігі);

«Алматы туралы үздік әлеуметтік бейне-контент» — Меруерт Төленова («Алматы» телеарнасы);

«Қала тұрғындарының денсаулығы мен әл-ауқаты туралы үздік материал» — Айгерім Есімхан («Алатау» телеарнасы);

«Алматыдағы білім беру саласын дамыту туралы үздік материал» — Алёна Ковалёва («Еуразия» бірінші арнасы);

«Алматы қаласы туралы үздік фотожоба» — Тимур Батыршин (Informburo.kz ақпарат агенттігі).

Мемлекеттік құрылымдар мен қоғам арасындағы ашық диалогты дамытуға елеулі үлес қосып жүрген мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары да ескерусіз қалған жоқ. Олардың қатарында Алматы қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Гүлдана Нұрымбетова, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы Айжан Бекеева мен басқа да баспасөз қызметінің өкілдері бар.

Салтанатты рәсімнің соңында ұйымдастырушылар кәсібилігі, объективтілігі мен өз ісіне адалдығы үшін журналистер қауымдастығына алғыс білдіріп, сапалы журналистиканың қазіргі қоғамдағы маңызды институттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#журналистер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Талапкерлерге ҰБТ сертификатына қатысты маңызды ескерту жасалды

Бүгін 12:10

Алматыда қуық асты безі қатерлі ісігінің алдын алу бойынша ашық есік күні өтеді

Бүгін 11:41

25 маусымдағы валюта бағамы

Бүгін 11:35

Алматының Алмалы ауданындағы үш көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі

Бүгін 10:18

Самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Бүгін 10:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);