Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жыл соңына қарай мектептерде орын тапшылы...

Алматыда жыл соңына қарай мектептерде орын тапшылығы екі есе азаяды

Әлеумет 08.10.2025, 21:54 500
Алматыда жыл соңына қарай мектептерде орын тапшылығы екі есе азаяды
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда білім беру инфрақұрылымын дамыту бойынша қарқынды жұмыс жүргізіліп жатыр. Қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында осылай деп хабарлады.

«Қазір Алматы қаласында 349 мектеп бар, онда 354 мыңнан астам оқушы білім алып жатыр. Халық саны жыл сайын 12–14 мың адамға өсіп жатқандықтан 33 мыңнан астам оқушы орны жетіспейді. Қабылданып жатқан іс-шаралардың нәтижесінде биыл бұл тапшылық 16 500 орынға дейін азаяды», – деді қала әкімінің орынбасары.

Шаһарда «Келешек мектептері» жобасы да үлкен қарқынмен ісе аса бастады. Бүгінгі таңда жалпы сыйымдылығы 34,8 мың оқушы орнын қамтитын 21 мектеп салынып жатыр.

Жоба аясында 12 600 орындық 8 жаңа мектеп салынып, пайдалануға берілді. Қазан айының соңына дейін тағы 10 500 орындық 5 мектептің ашылмақ. Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен «сатып алу» тетігі арқылы салынған 11 700 орындық 8 мектеп биыл пайдалануға беріледі.

«Бұдан бөлек, 2025 жылдың соңына дейін 550 орындық бір мектепті ашып, жалпы сыйымдылығы 2 100 орынды 2 мектепті сатып алып, 6 мектепке жапсаржайлар салу жоспарланған. Бұл қосымша 1 795 орын береді», – деп атап өтті қала әкімінің орынбасары.

Қалада сонымен қатар 31 мектептің тізімі бекітілген «2025–2027 жылдарға арналған 1300 мектепті жаңалау» жобасы іске асырылып жатыр. Биыл 15 мектепте жөндеу-қайта жаңарту жұмыстары жоспарланған, олардың алтауында (№160, 73, 60, 50, 30 және 124) құрылыс жұмыстары басталып кетті. Келер жылы тағы 9 мектеп, 2027 жылы 7 білім беру нысаны жаңартылады.

Жаңарту бағдарламасын жүзеге асыру мектептердің жалпы сыйымдылығын шамамен 5 мың орынға арттырып, ғимараттардың сейсмотұрақтылығын күшейтіп, мұғалімдер мен оқушыларға жайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Темірге жан, ал жастарға үн бітті: Алматыда «Jas Stars» қалай өтті?

Кеше 22:45

ӘЛЕМДІК АРЕНАДАҒЫ ЖЕҢІС: ҰЛАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР ОҚУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Кеше 21:47

Алматыда Робо-DJ мен Робо-бишілердің қатысуымен референдумды қолдауға бағытталған ауқымды концерт өтті

Кеше 21:40

Солтанай Жәнібек: «15 наурыздағы референдум – азаматтық ұстанымым»

Кеше 21:34

Шахислам Лайсханов: Ғылым мен бейбітшілік – қоғамның басты құндылығы

Кеше 21:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі