Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жыл басынан бері 19,5 мыңнан астам жас жұ...

Алматыда жыл басынан бері 19,5 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

Барлығы 26.12.2025, 11:21 396
Алматыда жыл басынан бері 19,5 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды
сурет: Алматы әкімдігінен

Алматыда 2025 жылдың басынан бері жастарға тең мүмкіндік жасап, дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына жүйелі түрде жағдай жасалып келеді. 2025 жылдың қаңтар айынан бастап NEET санатындағы жастардың үлесі 6,4%-дан 5,8%-ға дейін азайса, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2024 жылдың қорытындысындағы 4,4%-дан 2025 жылдың III тоқсанында 4,1%-ға төмендеген. Бұл туралы қалалық Жастар саясаты басқармасының өкілдері айтты.

Жұмысқа орналастыруға арналған «Jobfair365» және оқытуға бағытталған «SkillBridge» сервистерімен жабдықталған «Jasalmaty.kz» ақпараттық порталына 25 мыңнан астам бірегей қолданушы кірген. Қазақстанның 20 өңірінен 3 мыңнан астам жұмыс беруші тіркеліп, 5 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланған. Жыл басынан бері бұл сервистер арқылы 1,8 мың жас маман жұмысқа орналасқан. 

Қалада Жастар мансап орталығы жұмыс істейді. Ол жұмыс берушілерді, Еңбек мобильділігі орталығын және оқу орындарын бір алаңға біріктіріп, олардың өзара әрекетін жедел үйлестіруге мүмкіндік береді. Орталық ашылғалы бері 5 мыңнан астам жас маман жүгінген, олардың 4 мыңы жұмысқа орналасуға көмек алған.

Алматының ірі жұмыс берушілері мен жоғары оқу орындары бірігіп 8 Мансап күні өткізіліп, 1,9 мың жас жұмысқа тұрған. «Жасыл ел» ұлттық жобасы аясында жаз кезінде 2,1 мың жас уақытша жұмыспен қамтылды. 2025 жылдың қаңтарынан бері Еңбек мобильділігі орталығы арқылы 9,7 мың жас жұмысқа орналасқан. Жалпы жыл басынан бері 19,5 мыңнан астам жас маман еңбекке тартылды.

«Біз жастарға білім мен дағды ғана емес, нақты жұмысқа орналасу және мансаптық өсудің жолын ұсынатын жүйе құрып жатырмыз. Оқыту мен жұмысқа орналасу қатар жүретін үдеріс. Бұл жастар әлеуетін нақты мүмкіндіктерге айналдырады», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жұмыс беруші
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Бүгін 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Бүгін 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Бүгін 10:41

Алматы тауларында “Бұтақты” визит орталығы ашылды

Бүгін 10:22

Еркебұлан Тоқтар қырғыз файтеріне есе жіберді

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика