Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жыл басынан бері 132 мың адам әлеуметтік...

Алматыда жыл басынан бері 132 мың адам әлеуметтік көмек алды

Әлеумет 31.08.2021, 14:45 853
Алматыда жыл басынан бері 132 мың адам әлеуметтік көмек алды
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Көмек «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көрсетілген.


2021 жылы Алматы қаласының халықтың осал топтарын әлеуметтік қолдауға 30 миллиардтан астам теңге бөлінді, оның 14 миллиард теңгесі жұмсалды. Бұл мәліметтерді Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы Назира Тоғызбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Назира Тоғызбаеваның айтуынша, жыл басынан бері 132 мың алматылық әлеуметтік қолдау алған. Ол көмек «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында көрсетіліп жатқанын, аз қамтылған азаматтарға, мүгедектерге қолдау көрсетілетінін еске салды. Сонымен қатар, әлеуметтік жобалар іске асырылуда және еңбек қатынастары саласында мемлекеттік бақылау жүргізілуде.


 Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасының басшысы «Еңбек» бағдарламасы аясында жыл соңына дейін 13,8 млрд бөлінді. Бұл қаражат 24 мыңнан астам адамға жетуге көмектеседі.



«Ағымдағы жылдың 7 айында жұмыспен қамту орталығына 27 мың адам жүгінген. 19 700 адам жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша белсенді шараларға тартылды, 17 900 адам жұмысқа орналастырылды», - деді Назира Тоғызбаева.



Тұрақты жұмыспен қамтылғандардың ішінде мегаполистің 8 700 тұрғыны бар, тағы 9 200 адам уақытша жұмыспен қамтылды, 1 100 адам қазір әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейді, 1 500 үміткер жастар практикасына жіберілді. Білім беру ұйымдарының тағы 800 түлегін жұмысқа орналастыру жоспарлануда. 6 600 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді. 


Назира Тоғызбаева қала тұрғындарына жаңа мамандықтарды үйрету туралы да айтты.



«Қысқа мерзімді курстар біліктілігін жоғалтқан немесе мамандығын өзгерткісі келетіндерге арналған. Алматының 34 оқу орнында 41 мамандық бойынша 1 мыңнан астам адам оқиды», - деді ведомство басшысы.



 Сөзін жалғастырған ол еңбек нарығында жас түлектердің бәсекеге қабілеттілік деңгейі төмен екенін атап өтті. Сондықтан қалада жастарға қажетті жұмыс дағдыларын алуға және жұмысқа бейімделуге көмектесуге бағытталған Бірінші жұмыс жобасы іске қосылды. Жоба аясында жұмысқа орналасу жоспарланған 212 адамның 116-сы жұмыспен қамтылған. 


Айта кетерлігі, қала тұрғындары мен өтініш берушілер жұмысқа орналасу үшін Алматы қаласының жұмыспен қамту орталығына хабарласа алады, сондай-ақ enbek.kz электронды еңбек биржасы порталындағы бос орындар тізімімен таныса алады. 


Баспасөз конференциясының соңында Назира Тоғызбаева осы жылы 757 алматылық 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде грантқа ие болғанын, яғни өз бизнесін жүзеге асыруға 583 мың теңге алғанын қосты. Кәсіпкер болғысы келетіндер негізінен тігін, аспаздық, маникюр, шаштараз және басқа да қызметтер бойынша жеке істерін аша алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #көмек #еңбек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ертең салық есептілігін тапсыру мерзімі аяқталады

Бүгін 11:40

НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ - ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІҢ ӨРНЕГІ

Бүгін 11:26

Алматыда салмағы 1159 грамм, бойы 35 сантиметр болып туған нәресте аман-есен шығарылды

Бүгін 11:20

Қалалық кардиология орталығында науқастардың емге бейімділігі мәселесі талқыланды

Бүгін 11:17

"Көк тиын төлемеді". Танымал әнші Баянсұлудың хит әндерінің авторы шу шығарды

Бүгін 11:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика