Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жыл басынан балалардың қатысуымен 30 жол-...

Алматыда жыл басынан балалардың қатысуымен 30 жол-көлік оқиғасы болды

Заң мен тəртіп 18.02.2022, 16:30 2,136
Алматыда жыл басынан балалардың қатысуымен 30 жол-көлік оқиғасы болды
turanpress.kz

Алматыда балалардың көлік апатынан зардап шегу оқиғасы көбейіп кеткен


Алматыда жыл басынан балалардың қатысуымен 30 жол-көлік оқиғасы болды. Бұл туралы Алматы қалалық ДП жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Ағзамұлы онлайн брифингте айтты, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz



«Былтыр Алматыда балалардың қатысуымен 25 жол-көлік оқиғасы болды, одан 31 бала дене жарақатын алды. Биыл жыл басынан балалардың қатысуымен жол-көлік оқиғасы 30-ға артты. Одан 34 бала дене жарақатын алды. Сондай-ақ, былтыр мен биылда жол-көлік оқиғаларынан балалардың қайтыс болу дерегі болған жоқ», - деді Манап Ағзамұлы.



Оның айтуынша, ауа райы жақсы болған күннің өзінде қалада орта есеппен апта сайын балалардың қатысуымен 5-7 жол-көлік оқиғасы болады. Егер ауа райы бұзылса, мысалы, жаңбыр, қар жауған күндері жол-көлік оқиғасы 15-ке дейін артатын күндер болады. Ал күніне балалардың қатысуымен шамамен 1-2 жол-көлік оқиғасы болып тұрады.


Сондай-ақ Манап Ағзамұлы қала мектептерінде жол жүру ережесін үйретуге арналған сыныптар бар екенін, онда балаларға жол жүру ережесі туралы күнделікті сабақ өтетінін атап өтті.


Жалпы, балалардың жол жүру ережесін білуі, оны дұрыс сақтау, ата-аналарға да байланысты деп есептейді Манап Ағзамұлы.



«Тәртіп үйден басталады. Әр ата-ана өз баласын мектепке жіберерде, үй мен мектептің арасында қалай жүру керек екенін, жол ережесін бұзбау туралы айтып, ескертіп отыру керек. Өкінішке орай, қазір ата-аналар бұған көп көңіл бөлмейді. Себебі, қазір балалардың көбінде ұялы телефон бар. Олар көшеде соған телміріп, көңілдері бөлініп жүреді. Кейбірі құлаққап тағып, айналадағы көліктердің сигналын да естімейді. Сондықтан баланың мектепке телефонсыз баруы немесе тек хабарласу үшін ғана балаға ұялы телефон беру туралы мәселе қарастырылғаны дұрыс деп ойлаймын», - деді спикер.



Ол ата-аналарды балаларға дұрыс тәрбие беріп, жол ережесін бұзбауды үйретуге шақырды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #балалар #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тегін оқып, офицерлік шен алып, 100% жұмысқа орналасады: Алматыда ІІМ академиясына қалай түсуге болатынын айтты

Бүгін 11:12

Алматылық спортшы семсерлесуден әлем чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Бүгін 10:55

ІІМ алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Бүгін 10:50

Елімізде жаңа Конституцияға байланысты бірқатар заң қабылданады

Бүгін 10:24

Алматыда «жасыл» энергетикаға арналған халықаралық арт-көрме өтеді

Бүгін 09:34
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика