AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда журналистер «Гүлдер» саябағы қалай өзгері...

Алматыда журналистер «Гүлдер» саябағы қалай өзгеріп жатқанын көрді

Әлеумет 11.07.2025, 13:24 611
Алматыда журналистер «Гүлдер» саябағы қалай өзгеріп жатқанын көрді
Алматы қаласы әкімдігі

Жетісу ауданының әкімдігі мен Өңірлік коммуникациялар қызметі бірлесіп ұйымдастырған баспасөз турында журналистер «Гүлдер» саябағындағы абаттандыру жұмысымен танысты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Аудан әкімі Ләззат Жылқыбаеваның айтуынша, саябақты жөндеу мен абаттандыру жобасын іске асыру 2025 жылдың 8 мамырында басталыпты. Жобаның мақсаты – аудан тұрғындары мен қонақтарына арналған жайлы әрі экологиялық таза демалыс аймағын құру. Осының аясында кешенді көгалдандырып, инфрақұрылымды жақсартып, аумақтың эстетикалық келбетін арттырмақ.  Абаттандыру жұмысы 13 гектарды қамтиды.

«Қазір біз «Гүлдер» саябағында тұрмыз, мұндағы жұмыс  қыркүйекте аяқталады. Бұл саябақ жақын маңдағы шағын аудан тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналарына сенімдіміз. Мұнда лаванда алқаптары, серуендейтін жолдар, декоративті аркалар жасалып, үш тоғанды лотос гүлімен, тірі балықтармен безендіріп шығады», – деді Ләззат Жылқыбаева.

Сонымен қатар, саябақ аумағында бұрғылау арқылы су шығаратын автоматты суару жүйесі орнатылады.

Саябаққа адамдарды тарту  үшін фотоаумақтар жасалып, паркті жағалай камера да орнатып шықпақ. Қазір осындағы тұрақты жөндеп жатыр, мұнда қосымша жабдық орнатуды жоспарлап отыр.

Жоба аясында жүзеге асырылатын негізгі іс-шара:
•    2100 м² біржылдық және 3200 м² көпжылдық гүлдер егу;
•    Ұзындығы 4500 метр автоматты суару жүйесін орнату;
•    800 метр қоршауды жөндеу;
•    3 гүл аркасын орнату;
•    120 декоративті гүл тіреуін орнату;
•    12 000 м² көгал егу;
•    Лаванда алқабын жасау;
•    3 сәндік тоған салу;
•    1600 ағаш пен бұта егу.

Аудан әкімдігінің хабарлауынша, осы жұмыстың арқасында «Гүлдер» саябағы гүлге толы жайқалған оазиске айналып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартып, ауданның экологиясын оңалтуға сеп болмақ.

Жоба қалалық ортаны абаттандыру бағдарламалары аясында іске асырылып, әлеуметтік инфрақұрылымды нығайтуға, экологиялық жағдайды жақсартып, қалалық экожүйе қалыптастыруға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Жетісу #саябақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Бүгін 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Бүгін 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Бүгін 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Бүгін 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика