Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жұқтырудың өсуіне орай резервтегі инфекци...

Алматыда жұқтырудың өсуіне орай резервтегі инфекциялық төсек-орындар қойылуда

Әлеумет 22.07.2021, 11:46 1,462
Алматыда жұқтырудың өсуіне орай резервтегі инфекциялық төсек-орындар қойылуда
Сурет: Almaty-akshamy.kz

Тәулік сайын 400-ден астам науқас ауруханаға жатқызылуда.


Ержан Бабақұмаров жұқтырудың өсуіне орай резервтегі төсек-орындарды қосымша қоюды тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы салдарынан коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штабтың жұмыс кеңесін өткізді.


Кеңеске қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев, аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, мегаполистің мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин, аудандық әкімдіктер мен бейінді басқармалардың өкілдері қатысты.


Басты мақсат – инфекцияның таралуына қарсы күрестің қосымша шараларын қабылдау және мутацияланған COVID-19 штаммының айналымын ескере отырып, медициналық қызметке мұқтаж пациенттер санының артуына орай денсаулық сақтау жүйесі инфрақұрылымының дайындығын қамтамасыз ету.



Бүгінде Алматыда 86 мыңнан астам КВИ жұқтырған жағдай  тіркелген, оның ішінде соңғы тәулікте тіркелгендер саны - 993 жағдай. Сонымен бірге, тәулік сайын 400-ден астам науқас ауруханаға жатқызылуда, бұл емделіп шыққандар санынан 2 есе көп. COVID-19-пен 3099 пациент стационарлық емделуде жатыр, ал реанимация мен интенсивті терапияда 228 науқас жатыр.



Әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров шілде айының басынан бері реанимация бөлімінде жатқан науқастар санының үш есеге артқанын, үй карантиніндегі пациенттердің динамикасы (5821 науқас) өткен айда 6 есеге өскенін атап өтті. Барлық инфекциялық стационарларда төсек  орындардың жүктемесі 50%-дан асады. Сондықтан тамыз-қыркүйек айларына арналған болжамды жағдайларды және қаладағы аурулардың қарқыны мен деңгейін ескере отырып, қалада резервтік инфекциялық төсектерге қажеттілікті анықтау тапсырылды (қолданыста 6 090 төсек-орын бар) және оларды пайдалануды бастау қажет.


Сонымен бірге, кадр резервін қамтамасыз ету және оларды ковидті терапияға үйрету, вакцинация төлқұжаттарының қолдан жасалуымен күресу және алдын-алу бойынша нұсқаулар берілді.


Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі Қалалық штаб алматылықтарды қорғаныс шараларын – бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтауға, адамдар көп жиналатын орындарға бармауға, сонымен қатар вакциналану мәселесін кейінге қалдырмауға шақырады, өйткені бұл - инфекциядан қорғаудың жалғыз әдісі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #кви #коронавирус
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қауіпті қалдықтар мен сирек кездесетін қайта өңделетін шикізатты жинау акциясы өтеді

Бүгін 12:23

Иран астанасында халықаралық әуежайы өртеніп жатыр

Бүгін 12:00

Қазақстан СІМ Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты бірнеше елге бармауды ұсынды

Бүгін 10:09

Тұман, қар және көктайғақ: бүгін ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:28

Алматыда 8 наурызға орай «Әлемнің жарығы» атты мерекелік концерт өтті

Кеше 20:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі