AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Алматыда жүлде қоры 5 млн теңге болатын «Ұлы дала...

Алматыда жүлде қоры 5 млн теңге болатын «Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтті

Не? Қайда? Қашан? 16.10.2023, 11:46 1,598
Алматыда жүлде қоры 5 млн теңге болатын «Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтті
Сурет алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Республика күнін мерекелеу қарсаңында ипподромда «Ұлы дала ойындары» ұлттық спорт түрлерінің фестивалі өтті.


Жарысқа барлығы 500 - ден астам адам қатысты, жарыс мына ойын түрлері бойынша өтті – «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Қазақ күресі» және «Бәйге». «Құнан бәйге» ат жарысы бойынша сайыстарда 12 шақырым, ал «Аламан бәйгеде» 25 шақырым қашықтық қарастырылған. Жарыстың жалпы жүлде қоры 5 млн теңгені құрады.


«Құнан бәйгеден» жарыста Жамбыл облысының келген  шабандоз Жолшыбек Мәди бірінші болып мәреге жетті, екінші және үшінші мәрені Алматы облысының шабандоздары Бекзат Ділдахан мен Сембек  Мұқағали аяқтады. 1 орын үшін  ақшалай жүлде 1 млн теңгені, 2 орын үшін - 500 000 мың теңгені және 3 орын үшін - 250 000 мың теңгені құрады.




«Аламан бәйге» санатында 1 орын алматылық шабандоз Айсұлтан Сағымбекке, 2 орын Жамбыл облысынан келген Асылжан Төлегенге, 3 орын Алматы облысының  шабандозы Инсар Сармамбетке бұйырды. 1 орын үшін жүлде қоры  1 500 000 теңге, 2 орын үшін 600 мың және 3 орын үшін 400 000 теңге көлемінде болды. Сонымен қатар, жарыстың қалған түрлері бойынша қатысушыларға дипломдар мен  бағалы сыйлықтар табыс етілді.



Іс-шара аясында трибуна алдындағы алаңда қолөнер жәрмеңкесі өтті, сондай-ақ қалаған адамдардың барлығы армрестлинг, гирь көтеру және «Тоғызқұмалақ» турнирлеріне қатыса алды.


Бәйге, ат ойындарынан  басқа да спорттық іс-шаралармен қатар қонақтар мен қатысушылар үшін «Отырар Сазы» ұжымы, «Домбыра триосы» ұлттық ансамблі және әртіс Асхат Тарғын өнер көрсетті.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Ұлыдала #ойындар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);