Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ЖРВИ-мен ауыру күрт өсті – бір аптада 10...

Алматыда ЖРВИ-мен ауыру күрт өсті – бір аптада 10 мыңнан астам жағдай

Әлеумет 12.11.2021, 11:09 1,381
Алматыда ЖРВИ-мен ауыру күрт өсті – бір аптада 10 мыңнан астам жағдай
almaty-akshamy.kz

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин алматылықтардың маска режимі мен басқа да санитарлық нормаларды елемейтінін атап өтті деп хабарлайдыalmaty-akshamy.kz


Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қалада ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі жыл сайын байқалады. Бірақ өткен аптада ғана Алматы дәрігерлері 10 316 жағдайды тіркеді.



- Өткен жылмен салыстырғанда, қазір ЖРВИ-мен ауыратындар үш есе көп. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш әр апта сайын өсіп келеді. Науқастардың 62%-ы балалар. Медициналық мекемелерге барлығы 526 науқас жатқызылды, оның ішінде 17 жүкті және бір жасқа дейінгі 165 бала, - деді Жандарбек Бекшин.



Алматы эпидемиологтары 1 қазан мен 10 қараша аралығында ЖРВИ-дің 61 252 жағдайын тіркеді, жұқтырғандардың жартысынан көбі – балалар. 176 алматылық пневмониямен ауруханаға жатқызылды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 30 бала және 13 жасқа дейінгі балалар.


Жандарбек  Бекшин коронавирустың  ЖРВИ ретінде  көрінетінін әрі оның ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін еске салды.



- ЖРВИ өз кезегінде адамдарды коронавирусқа осал етеді, сондықтан қала тұрғындары санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын жауапкершілікпен сақтауы керек. Тұмауға және коронавирусқа қарсы вакцинация өте маңызды. Алматыда тұмау жұқтырған 5 жағдай тіркелді. А H3N2 штаммы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының шолғыншы орталығында және емханаларда анықталды, - деп хабарлады Жандарбек Бекшин.



Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық департаменті басшысының айтуынша, жыл басынан бері маусымдық коронавируспен қатар риновирус, 2 типті парагрипп, бокавирус, риносинтициалдық вирус (РС-вирус) және аденовирус – барлығы 28 факті анықталды.Тұмаудың асқынуынан және басқа маусымдық аурулардан сақтандыру үшін вакцинациядан өткен дұрыс. Әсіресе, қауіп санатындағыларға вакцинация жасау өте маңызды.



- Тұмауға қарсы вакцинацияны бюджет есебінен жүргізуге болады. Тегін екпелерді медицина қызметкерлері, медициналық бақылауға жататын балалар, жиі ауыратын 6 айдан асқан балалар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сәбилер үйлерінің тәрбиеленушілері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызмет алушылары, жүктіліктің 2-ші немесе 3-ші триместріндегі жүкті әйелдер, жүрек-қантамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар, сондай-ақ эпидемиологиялық көрсеткіштері бар адамдар ала алады, - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.



Айта кетерлігі, биыл қауіп тобындағы адамдарды вакцинациялау үшін 130 000 доза көлемінде ресейлік өндірістің «Гриппол Плюс» тұмауға қарсы үшвалентті вакцинасы сатып алынды.


Егуді мемлекеттік емханада да, ақылы негізде де бес жеке медициналық орталықта: IMC, «Фармаком» ЖШС «Вакцинация клиникасында», «СОС-ҚАЗАҚСТАН», «Medical Assistance Group» және Интертичте алуға болады.


Қазіргі уақытта Алматыда тұмаудан 113 555 қала тұрғыны егілді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 15 907, жүкті әйелдер – 5479, жұмыс берушілер есебінен 1835 адам, ақылы негізде өз қаржысымен  – 2782 адам егілді.
Баспасөз конференциясы барысында Ж. Бекшин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының алдағы күзгі-қысқы маусымға арналған болжамын айтты.



- Солтүстік жарты шарда вирустың төрт штаммы өзекті болады – A/Guangdong - Maonan/SWL1536/2019 (H1N1) pdm09, a/Hong Kong/2671/2019 (H3N2), B/Washington/02/2019 (B/Victoria lineage), B/Phuket/3073/2013 (B/Yamagata lineage), олар ДДСҰ ұсынысы бойынша тұмауға қарсы вакцина құрамына енгізілді, - деді Ж. Бекшин. - Алматыда бар вакцина алдағы маусымда неғұрлым белсенді болатын вирустардан қорғауға арналған, яғни «Гриппол Плюс» тұмаудың төрт түрінен қорғауға қабілетті.



Сөзінің соңында мегаполистің бас санитарлық дәрігері тұрғындарға профилактикалық шараларды еске салды, маска тағуды, оксолин майын қолдануды, науқастармен байланыспауды, ауырған жағдайда үйде болуды ұсынды. Өз бетінше емес, тек  дәрігердің нұсқауы бойынша емделу қажет екенін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Бекшин #тұмау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Кеше 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Кеше 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Кеше 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Кеше 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Кеше 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі