Алматы қаласы жолдарының жалпы ұзындығы 3097 км. Биыл жол жабынына орташа жөндеу ұзындығы 250 км болатын 274 көшеде жүргізіледі. Көшелердің толық тізімі мен орташа жөндеу жұмысының жоспары Almaty.kz сайтында жарияланған.
Бұған қоса, ағымдағы немесе «шұңқырлы» жөндеу жалғасып отыр, оның барысында шұңқырлар, жарықтар, ойылып кеткен жерлер жойылады, бақылау құдықтарының люктері түзетіліп, жиектастары тегістеледі.
Аудандық әкімдіктер ағымдағы жөндеу жұмыстарына осы жылдан бастап өкілеттіктерді орталықсыздандыру аясында тапсырыс беруші болып табылады. Жұмыс «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК бақылауымен жүргізіледі. Сынақ және сараптама нәтижесі бойынша анықталған ақаулар мен ескертулерді мердігер ұйымдар жояды.
1. Алатау ауданында жоспарланған 30 мың шаршы метр жол төсемінің бүгінге дейін 13 мың шаршы метр жөнделді. Б. Момышұлы көшесі, Ф.Оңғарсынова көшесі, Шаған көшесі, Шамалған көшесі, Жанқожа батыр көшесі, Әубәкіров көшесі, Тәкежанов көшесі, Бенберин көшесі, Бәйтенов көшесі, Бекболат көшесі, Жалайыр көшесі, Шоған Абыз көшесі, Аруана көшесі, Көкорай көшесі, Ахметов көшесі, Әлмерек Абыз көшесі, Шұғыла шағын ауданы, Айналмалы көшесі, Орталық көшесі, Қожаберген Жырау көшесі, Мыңбұлақ көшесі, Сәдуақасов көшесі, Ақжолтай көшесі, Барыс көшесі ағымдағы жөндеуден өтеді. Жұмыс жыл соңына дейін жалғасады.
2. Алмалы ауданында 25 мың шаршы метр жол төсеміне ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Қазір оның 23,1 мың шаршы метрінде жұмыс аяқталды. Ағымдағы жөндеу аясында Назарбаев даңғылы, Абылай хан даңғылы, Желтоқсан көшесі, Наурызбай батыр көшесі, Сейфуллин даңғылы, Байтұрсынов көшесі, Нұрмақов көшесі, Әйтиев көшесі, Исаев көшесі, Жамбыл көшесі, Бөгенбай батыр көшесі, Райымбек даңғылы, Верещагин көшесі, Қараөткел көшесі, Мақатаев көшесі, Биокомбинатская көшесі, Гоголь көшесі, Төреқұлов көшесі және т.б. көшеде жол ақаулары жойылды.
3. Әуезов ауданында жалпы қалалық және аулаішілік аумақтарда жоспарланған 50 мың шаршы метр жолдың 3 мың шаршы метрінен астамына ағымдағы жөндеу жүргізілді. Жұмыс кепілдік міндеттемелер аясында жүргізіледі.
Жандосов көшесі, Алтынсарин даңғылы, Қабдолов көшесі, Сайын көшесі, Абай даңғылы, Қуанышбаев көшесі, Б.Момышұлы көшесі, Жұбанов көшесі, Шәймерденов көшесі, Райымбек даңғылы, Өтеген батыр көшесі және т. б. көшеде жол ағымдағы жөндеуден өтті. Жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасып отыр, олар ауданның тұрақты бақылауында.
4. Бостандық ауданында қалпына келтіруге жоспарланған 30 мың шаршы метр жол төсемінің 16,7 мың шаршы метрі жөнделді.
Қазір Арайлы көшесі, Центральная көшесі, Салықов көшесі, Асқаров көшесі, Өтепов көшесі, Егізбаев көшесі, Тимирязев көшесі, Жандосов көшесі, Жароков көшесі, Масанчи көшесі, Дулати көшесі, Ғабдуллин көшесі, Бұқар Жырау бульвары, Қаратаев көшесі, Қожанов көшесі, Мыңбаев көшесі, Манас көшесі, Мұстафа Өзтүрік көшесі, Әуезов көшесі, Гагарин даңғылы, Восточная көшесі, Жәңгір хан көшесі және Хамит Ерғали жағалауы бойынша 25 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауданда барлығы 100-ге жуық көше ағымдағы жөндеуден өтеді.
5. Жетісу ауданында 35 мың шаршы метр жолға арналған жол жабынына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Қазір Қазыбаев көшесі, Ратушный көшесі, Павлодар көшесі, Райымбек даңғылы, Рысқұлов даңғылы, Сүйінбай даңғылы, Абылай хан даңғылы, Жангелдин көшесі, Жансүгіров көшесі, Сейфуллин даңғылы, Жұмабаев көшесі, Мұқатай көшесі, Сельская көшесі, Первомайская мұнай базасы, Күдерин көшесі, Казаков көшесі және т.б. көшеде 3,7 мың шаршы метр жол төсемі төселді. Жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасып отыр.
6. Медеу ауданында Достық даңғылы, Назарбаев даңғылы, Жібек жолы даңғылы, Гоголь көшесі, Мақатаев көшесі, Қарасай батыр көшесі, Бөгенбай батыр көшесі, Жамақаев көшесі, Мәметова көшесі, Думан-2 және Самал-1, 2 шағын ауданындағы 7,5 мың шаршы метрден астам жол жөнделді. Барлығы 50 мың шаршы метр жол төсемі жөнделеді.
7. Наурызбай ауданында Жандосов көшесі (жоғарғы тас жол), Дәулеткерей көшесі, Әбділдин көшесі, Редько көшесі, Сейітбеков көшесі, Қараманов көшесі, Грушовая көшесі, Новая көшесі, Гроза көшесі, Тәжиев көшесі, Қали Нәдіров көшесі, Сейдімбек көшесі, Алтын Орда көшесі, Шәймерденов көшесі, Кенесары хан көшесі, Қонаев көшесі, Үшқоңыр көшесі, Жандосов көшесі, Сұраншы батыр көшесі, Жансүгіров көшесі, Зеленая көшесі, Кенесары хан көшесі, Сәбденов көшесі, Қыдырбеков көшесі, Ізгілік көшесі, Виноградная көшесі, Строительная көшесі, Арман көшесі және т.б. аумақтағы 35 мың шаршы метрден астам жол ағымдағы жөндеуден өтеді.
Ауданда шұңқырларды, ойықтарды, жарықтарды жөндеу, бақылау құдықтарының люктерін түзету және жиектастарды тегістеу бойынша барлығы 45 мың шаршы метр жол төсемін қамту жоспарланған.
8. Түрксіб ауданында бүгінде Алматы-1 теміржол вокзалы ауданында Красногорская көшесі, Котельников көшесі, Бұқтырма көшесі, Гете көшесі, Молдағалиев көшесі, Кассин көшесінде 4 мың шаршы метрден астам жол төсемі жөнделді. Барлығы 30 мың шаршы метрге жол жабынын жөндеу жоспарланып отыр.
Құрметті қала тұрғындары, естеріңізге сала кетейік, мегаполис халқына ыңғайлы болу үшін жол инфрақұрылымына арналған Telegram арнада @AlmatyJolybot чат-боты іске қосылды. Ол арқылы тұрғындар қала жолындағы шұңқырларды жөндеуге өтініш бере алады.
Бұған қоса, шұңқырлар, ойықтар, сондай-ақ жол төсемінің зақымдануы анықталған жағдайда аудан әкімдіктерінің телеграм чаттарына және мына нөмірлер бойынша жүгінуге болады: