AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзудың 2 мыңнан а...

Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзудың 2 мыңнан астам дерегі анықталды

Заң мен тəртіп 20.07.2022, 06:04 996
Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзудың 2 мыңнан астам дерегі анықталды
Сурет: Polisia.kz

Алматы жолдарында “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” жүйесі ЖҚЕ бұзудың 2 мыңнан астам дерегін анықтады.


Алматы қаласы ПД-ның хабарлауынша, “Қорғау – Қауіпті жүргізуші” дерекқорына жалған мемлекеттік нөмірлері және шетелде тіркелген МТНБ бар, сақтандыру полисінсіз жүрген көліктер туралы мәліметтерді енгізу бойынша күнделікті жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 



«Екі тәулікте патрульдік полиция экипаждары көрсетілген автоматтандырылған жүйені пайдалана отырып, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірін таққан 30 жүргізушіні, мемлекеттік нөмірі жоқ 12 автокөлікті, сақтандыру полисі жоқ 26 жүргізушіні, міндетті техникалық байқауы жоқ 27 жүргізушіні ұстады. Тағы 38-іне жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін төлемеген айыппұлдарын төлеу туралы хабарлама берілді. Осы ретте, мақсатты шараларды жүргізу кезеңінде инспекторлар, жүргізушілерінің айыппұл бойынша ірі көлемде қарызы бар шетелдік тіркеудегі үш автокөлікті ұстағанын хабарлаймыз. Мәселе мына соммалар туралы болып отыр: 1 013 853 теңге, 741 246 теңге және 649 356 теңге. Бұл көліктер мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды», – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.



Бөлімшенің хабарлауынша, қалада жалған мемлекеттік нөмірлерді пайдаланатын, көліктерге арнайы белгі беру құрылғыларын орнатқан көлік жүргізушілерін, сондай-ақ көлікті мас күйінде басқарған адамдарды жауапкершілікке тарту бойынша мақсатты жұмыстар жалғасуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жол қозғалысы #полиция #ереже бұзу #деректер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды

Бүгін 12:28

Қыздарды селт еткізген, жігіттерді оятқан дәстүр: оның Наурызбен байланысы қандай?

Бүгін 12:05

Алатау қаласында жалға берілген жерлер қандай жағдайда кері қайтарылады?

Бүгін 11:39

Ораза айт күні қандай амалдар жасау керек?

Бүгін 11:29

Жамбыл облысында 5 млн теңге бопсалаған қоғамдық белсенді ұсталды

Бүгін 11:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика