AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жобалық кеңсе ашылды

Алматыда жобалық кеңсе ашылды

Әлеумет 25.11.2024, 16:45 858 Bakyt
Алматыда жобалық кеңсе ашылды
Almaty-akshamy.kz. 

Алматыда туризм саласындағы жобаларды қолдау үшін «бір терезе» форматындағы Жобалық кеңсе ашылды

Алматы қаласының Туризм басқармасы мен «Almaty Business Development Company» ЖШС бірлесіп, туризм саласындағы жобаларды қолдау үшін «бір терезе» (One Stop Shop) форматындағы Жобалық кеңсені іске қосты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Мақсаты – Алматыда туристік жобаларды жүзеге асыруға қызығушылық танытқан инвесторлар мен кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсету.

«Бір терезе» форматы кәсіпкерлерге барлық қажетті консультациялар мен қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беріп, инвесторлардың уақытын және ресурстарын үнемдейді.

Жобалық кеңсенің негізгі қызметтері:

  • Консультациялық қолдау: туристік жобаларды жүзеге асыруға қатысты барлық сұрақтар бойынша, соның ішінде заңнамалық талаптар мен әкімшілік рәсімдер бойынша кәсіби кеңес беру.
  • Жобаларға жәрдемдесу: стратегиялық жоспарлау, құжаттарды дайындау және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды үйлестіруді қоса алғанда, жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерінде көмек көрсету.
  • Мемлекеттік қызметтерді алу: рұқсаттар, лицензиялар және басқа да қажетті құжаттарды алуға жәрдемдесу, бұл туристік жобаларды іске қосу мен жүзеге асыруды едәуір жеделдетеді.

Жобалық кеңсе Алматыға бірегей туристік өнімдер мен инфрақұрылымдарды жасауға мүдделі жаңа инвесторлар мен кәсіпкерлерді тартады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашып, өңірдің экономикалық өсуіне ықпал етеді. Жаңа Жобалық кеңсе бизнес өкілдерімен, коммерциялық емес ұйымдармен және мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастыққа ашық.

 

Жобалық кеңсенің мекенжайы:

Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Байзақов көшесі, 303, 2-қабат

Жұмыс кестесі:

Дүйсенбі – жұма, 9:00-ден 18:00-ге дейін

Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін

Байланыс:

Телефон: +7 (727) 225-10-83

Электронды пошта: info@abdc.kz

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #туризм #инфрақұрылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);