Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жасырын жұмыс істеген мекеме анықталды

Алматыда жасырын жұмыс істеген мекеме анықталды

Әлеумет 04.10.2021, 09:46 1,523
Алматыда жасырын жұмыс істеген мекеме анықталды
Сурет: Gov.kz

Қаланың мониторингтік топтары өткен аптада 13 заңды тұлғаға қатысты хаттама толтырды


Алматыда түн ортасына дейін Ashyq қосымшасынсыз жасырын жұмыс істеген кәсіпкерлік нысаны анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.  


Медеу ауданының мониторингтік тобы әдеттегідей тексеріске шығып, Сәтпаев көшесінің бойында орналасқан түнгі бардың үстінен түсті. Мекеме сағат тілі түнгі сағат 00.00-ден асса да, жұмысын тоқтатпай, келушілерді шамадан тыс артық қабылдаған. Тіпті, мұнда қорқор да шегіліпті.



«Құрметті кәсіпкерлер, карантин талаптарын бұзбай, санитарлық нормаларды сақтап жұмыс істеңіздер. Қауіпті індеттің беті әлі де қайта қойған жоқ. Адамдардың денсаулығымен ойнамай, жауапкершілікпен қарайық», – деді Медеу аудандық Nur Otan партиясының өкілі Нұржан Ердембеков.



Тексеруші топ өкілдері көп ұзамай Төле би көшесінің бойында орналасқан дәмхананың да жұмысын әшкереледі. Кәсіпкерлік нысан осы уақытқа дейін Ashyq-қа қосылмай, түн ортасына дейін жасырын жұмыс істеп келген. Бас санитардың қаулысына сәйкес, мобилді қосымшасы жоқ мекемелер кешкі 21.00-ге дейін ғана адам қабылдай алады. Кейін мамандар анықталған фактілер бойынша кафе иесі мен келушілерге хаттама толтырды. 



«Медеу ауданында 4 мониторингтік топ жұмыс істейді. Олар күні-түні тексеріс жүргізіп, барлық мекемені бақылауда ұстап отыр. Әсіресе, бетперде режимі, әлеуметтік арақашықтық, мерекелік жиындарда санитарлық талаптардың сақталуы қатаң тексеріледі», – деді Медеу аудандық кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің бас маманы Арман Сапаров.



Айта кетейік, Медеу аудандық мониторингтік топтары соңғы аптада 300-ден астам мекемеде тексеріс жүргізіп, 13 заңды тұлғаға хаттама толтырған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мониторинг #Ашық #жасырын жұмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика