AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жастар шағын несиесіне 4,8 млрд теңге бөл...

Алматыда жастар шағын несиесіне 4,8 млрд теңге бөлінді

Әлеумет 26.04.2023, 15:06 1,048
Алматыда жастар шағын несиесіне 4,8 млрд теңге бөлінді
Сурет: Вaq.kz

Жас кәсіпкерлер бизнес жобаларын 2,5% төмен пайызбен жүзеге асыра алатын болады.


Шағын несиелеу конкурстық негізде 21 мен 35 жасқа дейінгі жастар арасында жүзеге асырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Аграрлық несие корпорациясының» Алматы қаласы бойынша филиалының өкілдері хабарлады.



«Бұл бағдарлама бойынша республикаға 28,9 млрд теңге бөлінді, оның 4,8 млрд теңгесі Алматы жастарына бөлінді. Бұл мыңға жуық кәсіпкерлер мен жастар. Алматы қаласы бойынша 200 кәсіпкер мен жастарға кеңес беріліп, 20 кәсіпкердің өтініші қабылданды, оның төртеуі комиссия қарауына жіберілді», - деді Алматы қаласы бойынша филиал директорының несиелеу жөніндегі орынбасары Әйкен Сейтқас.



Спикердің айтуынша, өтініш берер сәтте жеке кәсіпкер ретінде тіркелу мерзімі 5 жылдан аспауы керек. Бағдарламаға жұмысшы жастардың өкілдері де қатыса алады.


Шағын несиенің көлемі 5 млн теңгеге дейін бекітілген, мал шаруашылығы жобалары үшін өтеу мерзімі - 7 жылға дейін, ал бизнестің басқа бағыттары үшін 5 жылға дейін. Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кезінде шағын несие мерзімінің үштен біріне дейін жеңілдік кезең қарастырылған.


Міндетті шарт – кепіл мүліктің болуы. Кепіл ретінде жылжымалы және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепіл болмаған жағдайда кепіл беруші ретінде үшінші тұлғаларды тартуға болады болады (ата-ана, туыс және т.б.).


Несие беру туралы шешімді қала әкімдігі жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Комиссия құрамына қалалық Мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, бизнес-қоғамдастықтардың және БАҚ өкілдері кіреді.



«Үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын комиссия отырысында ұсынып, олардың арасынан ең перспективалысын комиссия таңдайды. Жоба өзекті, дәлелді, экономикалық негізделген, әлеуметтік маңызы бар, өміршең және оның нақты іс-қимыл жоспары болуы керек. Бұл ретте тұрғын үйлерді, жер учаскелерін, бағалы қағаздарды сатып алуға және жөндеуге, қару-жарақ, есірткі және басқа да мүлікті өндіру мен сатып алуға несие беруге тыйым салынады», - деп түйіндеді сөзін Ә. Сейітқас.



Қажетті құжаттар тізімі:



  1. жеке басын куәландыратын құжат;

  2. жоба бойынша бизнес-жоспар;

  3. қызмет көрсететін банктен шоттың бар екенін растайтын анықтамалар;

  4. қаржы ұйымдарынан (несие болған кезде) несие берешегінің, оның ішінде мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтамалар;

  5. қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме);

  6. кепіл мүлікті бағалау туралы есеп;

  7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.


Өтініш беру үшін Алматы қаласы, Сәтпаев көшесі, 5 мекенжайында орналасқан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ филиалына құжаттарды тапсыру қажет. Шағын несиелеу бойынша толық ақпаратты корпорацияның agrocredit.kz сайтынан білуге болады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#несие #Жас #бизнес
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);