Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жастар саясатының негізгі бағыттары талқы...

Алматыда жастар саясатының негізгі бағыттары талқыланады

Әлеумет 08.09.2021, 11:18 730
Алматыда жастар саясатының негізгі бағыттары талқыланады
Сурет: Gov.kz

Жастар саясаты арнайы ұйымдастырылған семинар барысында талқыланады.


Жастар ресурстық орталықтары қызметінің тиімділігін арттыру үшін не істеу керек? Бұл сұраққа жауап алу үшін жастар Алматыда өтіп жатқан семинарға қатысып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akhamy.kz.


Семинардың бірінші күні Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын, сондай-ақ оны іске асыру мәселелерін талқылауға арналды.



«Өңірлік жастар ресурстық орталықтарының қатысушылары мен басшылары Мемлекет басшысының жастарды қолдау жөніндегі бастамаларына ерекше назар аударды. Жастар білім, ғылым, цифрлық технологиялар, креативті индустрия және рухани-адамгершілік тәрбие сияқты маңызды әлеуметтік салаларда, сондай-ақ Жолдауды іске асыруда жас белсенділердің қатысу мәселелері бойынша өз пікірлерімен бөлісті», – делінген Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Алдағы екі күн ішінде Мемлекет басшысы алға қойған жаңа міндеттерді ескеретіндей мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын талқылау жоспарлануда.


Бірінші кезекте, жастар саясаты саласындағы жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін өлшеудің маңызды құралына айналатын Жастардың дамыту индексі қаралады. Сондай-ақ, «Жастар» ҒЗО сарапшылары әзірлейтін NEET санатындағы жастарды анықтау мен есептеудің жаңа әдіснамасын зерделеу талқыланады.


ЖРО жұмысының сапасын арттыру мәселелеріне арналған семинар-тренинг Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының алаңында өтуде.


Ұйымдастырушылардың айтуынша, барлық семинарлар санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, «Ashyq» жүйесін пайдалана отырып өткізілуде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Семинар #жастар #саясат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында жас ғалымдарға баспана сыйланды

Кеше 22:23

Әзербайжан президенті Тоқаевқа алғысын білдірді

Кеше 22:15

"Бүгін Иранға ауыр соққы жасалады" - Трамп

Кеше 17:32

Алматыда өртсөндіруші-құтқарушылар әріптестерін ерекше құттықтады

Кеше 16:49

Тоқаев Иранның көрші елдерге шабуыл жасамау туралы шешімін құптады

Кеше 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі