AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жасөспірімдердің құқықбұзушылығымен күрес...

Алматыда жасөспірімдердің құқықбұзушылығымен күрес күшейді

Барлығы 28.07.2025, 12:50 519
Алматыда жасөспірімдердің құқықбұзушылығымен күрес күшейді
Өңірлік коммуникация қызметі
27-29 шілде аралығында Алматыда «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Алматы қалалық Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Айтан Елеусізов Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы туралы баяндады.
 
Спикердің айтуынша, іс-шараның басты мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алып, түнгі уақытта бақылаусыз жүрген балаларды анықтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Бала құқықтары туралы» заңын бұзғандарды жауапқа тарту екен.
 
Алматыда ювеналды полиция инспекторлары мен учаскелік полицейлерден тұратын арнаулы топтар құрылып, алғашқы күннің өзінде едәуір заңбұзушылық анықтаған:
• Кәмелетке толмаған 137 баланың сағат 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүргені анықталды. Ата-аналары Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
• 163 жасөспірім мән-жайды анықтау үшін полиция басқармасына жеткізілді;
• 10 жасөспірім профилактикалық есепке қойылды;
• Кәмелетке толмағандар ішімдік ішкен 9 факт тіркелді;
• 6 ойын-сауық мекемесінің түнде балаларды кіргізіп, заң бұзғаны анықталды 
 
«Ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жасөспірімдермен әңгімелестік. Біз заң бұзған ойын-сауық орындарын да тіркеуге алып, әр істі қарап, қолға алып жатырмыз», - деді Айтан Елеусізов.
 
Түнгі рейдпен қатар, оқу орындарында, жастар орталықтары мен әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстары жүргізіле бастапты. Онда балалар мен ата-аналарға іс-шараның мақсатын айтып, заң бұзған жағдайда жауапқа тартылатыны туралы ақпарат беріледі.
 
«Түнгі қаладағы балалар» - бұл бір реттік акция емес, балалардың құқығын қорғап, қараусыз қалудың алдын алып, үй-ішіндегі қолайсыздықтың, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу бойынша жасалып жатқан жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Әсіресе жазғы демалыс кезінде мұндай рейдті үзбей өткізгелі отырмыз», - деп толықтырды өз сөзін Айтан Елеусізов.
 
Полицейлердің айтуынша, осы іс-шара алғашқы күннен-ақ айтарлықтай нәтиже берген. Қаладағы жағдайды бақылау күшейіп, әлеуметтік тұрғыдан қауіпті жағдайда тұрған отбасылармен жұмыс жанданды.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алмат #жасөспірім #полиция #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Түйе үстінде 10 секундта 4 нысана: Алматы ипподромында әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 21:51

Наурыз жаңа форматта: мереке алғаш рет Алматы ипподромында өтті

Бүгін 20:02

Цифрлық Наурыз: Алматыда жасанды интеллект мерекелік бағдарламаға қалай енгізілді?

Бүгін 19:34

Ең үлкен шаңырақ: Алматыда Наурыз күндері әлемдік рекорд орнатылды

Бүгін 18:23

Алматы әкімі Наурыз мерекесі аясында ағаш егу жұмыстарына қатысты

Бүгін 16:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика