конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұ...

Алматыда «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсаукесері өтті

Әлеумет 11.03.2025, 17:40 1,042 Пердехан ШӘМШИЕВ
Алматыда «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсаукесері өтті
Самат Құсайынов

Бүгін қазақ тілінде алғаш рет жазылған «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсаукесер салтанаты өтті, – деп хабарлайды alqshamnews.kz.

Шараға зиялы қауым өкілдері, баспа ісі мен қазақ тілінің жанашырлары, журналистер және жастар қатысты. Smart Point-та ине шаншар жер болмады – орын жетпегендер түрегеп тұрып, еліміз үшін маңызды туындының таныстырылымын тамашалады.

Кітап авторы – ЖИ саласын бірнеше жылдан бері зерттеп келе жатқан білікті маман Мейіржан Әуелханұлы. Ол жиналған қауымға кітапты жазуға не түрткі болғаны, қандай қиындықтарға тап болғаны туралы баяндады. Тұсаукесерден кейін автор оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Сұрақтар ұлттық және ақпараттық қауіпсіздік, отандық ЖИ әлеуеті, кітап жазу үрдісі, сондай-ақ ЖИ саласындағы тәуекелдер мен мүмкіндіктер секілді түрлі тақырыптарды қамтыды.

Кітаптың редакторы – белгілі журналист, қаламгер, публицист Қайнар Олжай. Ол ЖИ саласына қатысты қазақ тіліндегі терминдерді қалыптастыру қажеттігін атап өтіп, осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізу керектігін ұсынды.

Жалпы, ЖИ саласы елімізде енді ғана дамып келеді. Әсіресе қазақ тілді аудитория үшін бұл өте қажет кітап. Осыны ескерген авторлар кітапты тек баспа түрінде ғана емес, арнайы «AI-Hub» сайтын ашып, цифрлы форматта да ұсынуды қолға алған.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жи #кітап
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

Бүгін 21:21

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

Бүгін 17:51

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 17:48

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Бүгін 17:15

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);