AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Jas Skills чемпионаты өтті

Алматыда Jas Skills чемпионаты өтті

Әлеумет 20.12.2024, 13:35 1,426 Bakyt
Алматыда Jas Skills чемпионаты өтті
Алматы қаласы Білім басқармасы
 

Алматы қаласы Білім басқармасының қолдауымен, жұмысшы мамандықтарының жылы қарсаңында жасөспірімдер арасында Jas Skills чемпионаты өтті. Бұл жобаның басты мақсаты – мектеп оқушыларына мамандық таңдау барысында бағыт-бағдар беру, өздерін әртүрлі салаларда сынап көруге мүмкіндік жасау, деп хабарлайды aqshamnews.kz

– Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономикамыз үшін маңызды салаларда мамандар тапшылығын жою және кадр даярлаудың маңыздылығын атап өтті. Жұмысшы мамандықтары – кез келген қоғамның дамуының негізі. Олар күнделікті өмірімізде бізді қоршап тұрған ғимараттарды, жолдарды, жиһазды, киімдерді және басқа да көптеген заттарды жасайды. Jas Skills – жастарға өз шеберліктері мен дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін беделді шара, – деп мәлімдеді Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов.

Бұл чемпионат бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді, алайда биыл алғаш рет шара Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің базасында ұйымдастырылды. Шаһардың 8-9-сынып оқушылары аспаздық өнерде өзара жарысты. Олар аспаздық шеберлік, наубайшылық, кондитерлік өнер және визуалды мерчендайзинг пен витринистика салаларында бақ сынады.

Қатысушылардың шеберлігін колледждің арнайы пәндер оқытушысы Жанар Қапасова және шақырылған тәуелсіз сарапшылар – оқу орнының түлектері, қазіргі таңда мейрамхана бизнесінде табысты жұмыс істеп жүрген шеф-аспаздар Антон Щербаков пен Абзал Исмаилов бағалады. Қазылар алқасы оқушылардың салат дайындау, бутерброд жасау және жеміс-жидектерден әсем композициялар жасау шеберліктеріне ерекше назар аударды.

– Мен мұндай чемпионатқа алғаш рет қазылық етудемін, – дейді Антон Щербаков. – Қазылар алқасы тағамдардың сапасы мен әсемдігіне ғана емес, сондай-ақ қатысушылардың тәртібіне де назар аударды. Бұл біздің саламызда өте маңызды. Оқушылардың көздеріндегі ынта-жігерді көріп, қатты қуандым. Егер олар болашақта кәсіби өмірлерін мейрамхана бизнесімен байланыстырса, мықты бәсекелестерге айналатынына сенімдімін. Қазіргі таңда бұл салада жаңа бастаушы мамандар үшін мүмкіндіктер өте көп.

Әр санатта жеңіске жеткен қатысушылар дипломдар мен грантқа колледжге түсуге мүмкіндік беретін сертификаттарға ие болды. Бұл олардың болашақ мамандықтарын таңдауда маңызды қадам болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Jas Skills #жұмысшы #жастар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Розыбакиев көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі

Бүгін 20:17

«Логотип әзірлеу және оны презентациялау» байқауы: шығармашылық пен кәсібиліктің тоғысуы

Бүгін 19:13

«Вечерний Алматы» газетінің жарық көргеніне 90 жыл толды

Бүгін 18:27

Саз әлемінің сардары дүниеге келген күн: Ахмет Жұбанов туралы сіз білмейтін 10 дерек

Бүгін 18:02

Алматыда инклюзия жүйесін құру жолдары талқыланды

Бүгін 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика