Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда жас сарбаздарды салтанатты түрде әскерге...

Алматыда жас сарбаздарды салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімі өтті

Барлығы 07.10.2025, 17:06 550
Алматыда жас сарбаздарды салтанатты түрде әскерге шығарып салу рәсімі өтті
Сурет: Самат Құсайынов

Бүгін 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған жас сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті. Бұл жолы 30 алматылық жас Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 38-десанттық-шабуылдау бригадасында әскери міндетін өтейді. 

Шара ел патриотизмін ұлықтап, рухты көтерген әсерлі көрініске айналды. Әскери оркестр әуені, ардагерлердің батасы мен ата-аналардың ақ тілеуі жас сарбаздардың бойына ерекше күш-қуат сыйлады.

Армия – өмір мектебі

Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, полковник Раджан Жанысов ата-аналарға балаларының сенімді қолда екенін жеткізді.

"Армия – үлкен өмір мектебі. Бір жыл ішінде олардың көзқарасы кеңейіп, өмірге деген жауапкершілігі артады. Көптеген сарбаздар әскери мамандық алып, кейін келісімшартпен қалуға немесе жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алады. Біз ата-аналарға «ұлдарыңызды бір жылға бізге тәрбиелеуге беріңіздер, олар азамат болып қайтады» дегіміз келеді", – деді ол.

Полковниктің айтуынша, биыл десанттық-шабуылдау бөлімдеріне келетін сарбаздардың қатары артқан. Тек Алматының өзінен 340 жас жауынгер осы бригадаға жіберіледі.

Ата-әже батасы, аналық тілек

Жас сарбаздарды шығарып салуға ардагерлермен бірге ата-аналар мен туыстар да қатысты. Солардың бірі — алматылық әже Толғанай Жәкеева.

"Жалғыз қызымның бір түйір баласы, немерем, есімі - Жан. Өз еркімен әскерге барғалы тұр. Барлық немерелерім әскерде болған, енді ең кішісі сапқа қосылды. Ақ жол тілеймін, аман-есен оралып, азамат болып келсін", – деді ол тебіреніп.

Ал 18 жастағы Жан Тарыбаев болса, әскерге баруды өз шешімімен қабылдағанын айтты.

"Бұл – әр жігіттің парызы. Өз еркіммен, өз шешіміммен бара жатырмын. Жақсы достар табамын деп ойлаймын", – дейді ол.

Тарихи рух пен батырлар ізімен

Орталық Армия үйі әскери-тарихи музейінің директоры, Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфиловтың немересі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Алуа Байқадамова жас сарбаздарға патриоттық рухта үн қатты.

"Бұл жер – батырлардың ізі қалған қасиетті орын. Панфиловшылар дәл осы жерден майданға аттанған. Сіздердің бүгінгі қадамдарыңыз – сол ерлік дәстүрінің жалғасы. Армия сіздерді шыңдап, елге адал қызмет етудің мәнін ұғындырады", – деді ол.

Әскерге бару – мәртебе

Алматы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Нұржан Естаев та биылғы күзгі әскерге шақыру науқанының ерекшелігін атап өтті.

"Бүгін Алматыдан 30 шақырылушы аттанды. Олардың бәрі денсаулығы мықты, психологиялық тұрғыда тұрақты жастар. Әскерде бір жыл бойы жауынгерлік даярлықтың барлық түрін меңгереді. Жақсы нәтиже көрсеткен сарбаздарға тегін грантпен жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндігі беріледі", – деді ол.

Шара соңында жиналған жұрт жас сарбаздарға ақ батасын беріп, естелікке суретке түсті. Бұл сәт жастардың ел амандығы үшін қызмет ету – ең үлкен абырой екенін сезінген сәт еді.

Іс-шара соңында 38-десанттық-шабуылдау бригадасының таулық ротасы қоян-қолтық ұрыстың көрінісін көрсетіп, концерттік бағдарлама ұсынды.

Көрсетілім барысында әскерилердің кәсіби шеберлігі мен дене дайындығы айқын көрінді. Ал мерекелік концерт қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жастар белсенділікті таңдайды: Алматыда референдумды қолдауға арналған бастамалар басталды

Бүгін 12:41

Алматыда «PSYTALKS ALMATY» республикалық форумы өтті

Бүгін 11:57

Алматы тұрғындары референдум мен жаңа Конституцияны қолдайды

Бүгін 11:26

Алматылық спортшы күрестен халықаралық рейтингтік турнирде жеңіске жетті

Бүгін 11:22

Алматы жастары дауыс беруге қатысу мәдениетін ілгерілетіп жатыр

Бүгін 11:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі