AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығы...

Алматыда «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Әлеумет 12.11.2021, 12:41 1,176
Алматыда «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды
Almaty-akshamy.kz

«Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалында «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен 400-ден аса дарынды балалар қатысып, 30-ға жуығы жүлделі орын иегері атанды. Бес номинация бойынша алматылық алты өрен жеңіске жетті деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Марапаттауға Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі Аягүл Миразова, «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев және Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ералы Сауранбаев қатысты.



Байқау қорытындысы бойынша Алматы қаласы бойынша «Жас толағай» номинациясында Елназ Қалиахмет, «Жас эколог» номинациясында Иннокентий Трескунов, ал «Жас суретші» номинациясында Ангилики Попондопуло жеңімпаз атанды. «Жас зерттеуші» номинациясының лауреаты Анель Токина, «Көркемсөз шебері» номинациясының лауреаты Тоғжан Абай, «Жас эколог» номинациясында Мағжан Ерғанат лауреаты атанды.


«Шынымды айтсам, мен жеңімпаздар тізімінде боламын деп күткен жоқпын. Бала кезімнен маған оқуға деген сүйіспеншілік сезімді ұялатқаны үшін отбасыма шексіз ризамын. Ұйымдастырушылар мен партияға қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет. Мен міндетті түрде келесі жылы да байқауға қатысамын», - деді көркемсөз шебері Тоғжан Абай.


Сонымен қатар, республикалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Алматы қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» фракциясының мүшелері Ералы Сауранбаев пен Нұрымбек Тау қолдады. Депутаттар алматылық оқушыларға планшеттер мен ұялы телефондарды табыс етті.



«Дарынды және зерек балалар – Тәуелсіз еліміздің болашағы. Мен байқаудың барлық жеңімпаздары мен қатысушыларын шын жүректен құттықтаймын. Алғыр балаларымыздың қатарының басым бөлігі біздің мегаполистің оқушылары болғандығы қуантады. Біз талантты әрі креативті балаларға әрдайым қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті Аягүл Төреқызы.


Естеріңізге салсақ, «Жас Өркен» республикалық сыйлығы балалар мен балалар ұйымдарына беріледі. Сыйлықтың негізгі мақсаты – балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған дарынды балалар мен әлеуметтік бастамаларды қолдау.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);