Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда JAS CAMP 2024 жастар лагері ашылды

Алматыда JAS CAMP 2024 жастар лагері ашылды

Әлеумет 10.09.2024, 10:25 1,003
Алматыда JAS CAMP 2024 жастар лагері ашылды
Самат Құсайынов

Іс-шара Алматы қаласының күніне орай өткізілді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Лагерьдің қатысушылары ретінде қаладағы 100 жас көшбасшы таңдалып, оларға төрт күн бойы пайдалы шеберлік сабақтары мен табиғат аясындағы белсенді іс-шаралар ұйымдастырылды. Мұның бәрі Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асырылды.

«Лагерьдің басты мақсаты – жастар ортасын қалыптастыру, жастар саясатының үздік тәжірибелері мен инновациялық салаларын біріктіру. JAS CAMP жобасына қатысу үшін іріктеуден өту қажет болды, оның негізгі критерийлерінің бірі – белсенді азаматтық ұстаным, бастамашылдық және қаланың қоғамдық өміріне қатысу. Қазылар алқасында қоғам қайраткерлері болды. Барлығы 200 өтінім беріліп, солардың ішінен 100 жас көшбасшы іріктеліп алынды», – деп мәлімдеді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрсұлтан Бекқайров.

Лагерь жоғары таулы «Ақ Бұлақ» курорт-отелінің аумағында орналасқан. Қатысушылар коттедж үйлерге орналастырылып, тағамдары ұйымдастырушылар есебінен қамтамасыз етілді. Лагерь аяқталған соң жастарға арнайы сертификат беріледі.

JAS CAMP 2024 жастар лагерінің салтанатты ашылуы жаңа буын өкілдерінен үлкен қолдау тапты. Құрамында атақты қонақтар, қызықты адамдар мен концерттік бағдарламасы бар кеш керемет әсер қалдырары анық. Таза тау ауасы, табиғаттың сұлулығы және ырғақты музыка кешті ерекше етеді.

Іс-шараға шақырылған қонақтардың қатарында блогер Асхат Нұрмашев, 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Александра Ле және басқалар болды.

– Бұл жыл сайын өткізілетін маңызды іс-шара. Өз қызметімнің аясында мен елімізге пайда әкелуге тырысамын. Жастардың қалай дамып жатқанын көргенімде, бұл мені қатты қуантады. Осындай JAS CAMP сынды жобалар өте қажет деп санаймын, себебі жастар – біздің еліміздің болашағы, олардың дағдыларын дамыту мен әлеуетін ашуға көбірек көңіл бөлу керек, – деді Асхат Нұрмашев.

Медет Тұрғанжанов – Алматы қаласының «Ассамблея жастары» өкілі. 

– Мұнда барлығы керемет! Маған жоба менеджменті бойынша шеберлік сабағы өте ұнады, сондай-ақ кәсіпкерлер мен медиа тұлғалармен кездесулер болды, олар көптеген жаңа әрі пайдалы ақпараттармен бөлісті. Бұл жобаға қатысу мені қатты шабыттандырды. Білімімізді кеңейтіп, дағдыларымды жетілдіріп жатқаныма өте қуаныштымын. Мұндай лагерлер жастарға жаңа адамдармен танысуға, қарым-қатынас орнатуға, әртүрлі адамдармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп ойлаймын. Сондай-ақ лагерь орналасқан жердің табиғаты өте әдемі, бұл жерде біз оқып, қаланың қарбаласынан демалып, жаңа нәрселерді үйреніп жатырмыз. Лагерь ұйымдастырушыларына үлкен алғыс айтамын, – деп өз пікірін бөлісті Медет Тұрғанжанов.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#JAS CAMP #жастар #табиғат #білім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған жаңа жатақхана ашылды

Бүгін 17:32

СҚО-да полицейлер алаяқтардың арбауына түскен екі зейнеткердің 6 млн теңгеге жуық ақшасын сақтап қалды

Бүгін 17:03

"Аяғымды кесіп тастауы мүмкін": Бетперде киген жігіт 15 жастағы қызға үй мен қаражат сыйлады (ВИДЕО)

Бүгін 16:42

Жазғы Азия ойындарына 500-ге жуық спортшы қатысады – Ербол Мырзабосынов жұмыс кеңесін өткізді

Бүгін 16:15

Алматыда заңсыз сауда нысандары сүрілді

Бүгін 16:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика