конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жол инфрақұры...

Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жол инфрақұрылымына келген шығын мөлшері қанша?

Әлеумет 24.01.2022, 08:42 1,068
Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жол инфрақұрылымына келген шығын мөлшері қанша?
Сурет: 24.kz

Қаладағы тәртіпсіздіктер кезінде зақымданған жол қозғалысын реттейтін техникалық құралдар қалпына келтірілді


Қала әкімдігінің алдын ала болжамы бойынша жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарына 60 млн теңгеге жуық шығын келтірілді. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


Ғани Мұрзахановтың айтуынша, қаңтар айындағы тәртіпсіздік кезінде 46 бағдаршам зақымданды. 120-дан астам маңдайша мен панельдер сынған. Қазіргі уақытта барлық нысандар қалпына келтірілді.



«2 мың шаршы метрден астам тротуар жабындысы бұзылды. Бұл - негізінен Райымбек даңғылы мен Төле би көшесінің бойындағы тротуарлар. Қазір оның бәрі қалпына келтірілді. Сонымен қатар, техника жанып кеткен жерлердегі асфальттар ауыстырылды», - дейді ол.



Сонымен қатар, басқарма басшысы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде жол инфрақұрылымына шамамен 60 млн теңге шығын келтірілгенін мәлім етті.



«Нақты шығынды дөп басып айта алмаймын. Алайда алдын ала болжам бойынша 60 млн теңге. Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарына 50 млн теңге, жол жабындысына 10 млн теңгеге жуық шығын келді», - дейді спикер.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #инфрақұрылым #Зақым #бағдаршамдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жұма күні ауа райы қандай болады?

Бүгін 09:05

Алматыда жүректің кенет тоқтау қаупі жоғары пациентке тері асты кардиовертер-дефибриллятор имплантатталды

Кеше 19:08

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» байқауының қалалық кезең жеңімпаздары анықталды

Кеше 18:50

Kaspi.kz Джеки Чанның «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмі түсірілімдерінің бас серіктесі болды

Кеше 18:45

Жыл басынан бері 14 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды

Кеше 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);