AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Көрме / Алматыда Жапон мәдениет күні өтуде

Алматыда Жапон мәдениет күні өтуде

Көрме 18.11.2023, 12:24 2,601
Алматыда Жапон мәдениет күні өтуде
Суретті түсірген - К.Қонысбаев

Қазақ пен жапонның ауылы алыс болғанымен көңілі жақын. Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музейде өтіп жатқан «Жапония мәдениет күні» соны көрсеткендей болды. Музей қонақтарына жапон мәдениетін жан-жақты таныстыратын шара қазір де Мемлекеттік Орталық музейде өтіп жатыр деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.


Түс әлетінде басталған мәдени шараға Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Жун Ямада мырза да арнайы қатысты. Ол шараның ашылу сөзінде «Қазақтар мен жапондар мәдениет жағынан көп ортақтыққа ие бауырлар» деп атады.



«Біздің сырт келбетіміз ғана емес, ой-санамыз бен мәдениетімізде де көп ұқсастық бар екенін біліп таң қалдым, әрі терең әсер алдым. Былтыр Жапония мен Қазақстан  дипломатиялық байланыс орнатқандарының 30 жылдығын бірге атап өтті. Жапонияда  білім алып жатқан қазақстандықтардың саны жылдан жылға артып келеді. Бұл бізді қуантады»,  – деді елші мырза.



Шараның маңызы мен мәні жайында Мемлекеттік Орталық музей директоры Рашида Харипова ханым өз пікірімен бөлісіп, былай дейді: «Білесіздер,  өткен аптада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаева Жапония елшісімен кездескен болатын. Сонда  Қазақсан мен Жапония ортасында экономикалық байланыстарды ғана емес,  мәдени қарым-қатынасты да тереңдету мәселелерін көтерген еді. Бүгінгі шара сол кездесудің жүзеге асып жатқан идеясы деуге болады. Музейімізде  жапон мәдениеті жан-жақты таныстырылып жатыр. Көрушілердің қатары мол. Себебі,  екі халықты шекаралар бөліп жатқанымен, мәдениет жағында жақындығымыз айрықша».


Ол, сондай-ақ, Мемлекеттік Орталық музей мұндай шараларды жыл сайын өткізіп тұратынын,  түрлі уақытта түрлі елдердің мәдениетін таныстыру шаралары өтетінін де жеткізді. Қазақстанда жапон мәдениетіне қызығушылықтың жоғары деңгейде екенін музей залындағы көрермен санына қарап білуге болады.


Атаулы мәдени шара аясында Мемлекеттік Орталық музей ғимаратының әр бұрышында жапон халқының тағам, мәдениет,  ұлттық өнері,  қолөнері мен жауынгерлік өнерін таныстыруға  арналған көрмелер жұмыс істеуде. Бұдан бөлек жапонның дамыған жаңа технологиялық жетістіктері,  тіпті елімізде жоғары сатылымға ие автокөліктері де көрме алаңынан орын алған.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Жапония #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы балаларға арналған бірегей оталардың алаңына айналды

Бүгін 19:24

Қасым-Жомарт Тоқаевқа KEDEN, SmartCargo ақпараттық жүйелері мен көлік-логистика саласындағы цифрлық жобалар көрсетілді

Бүгін 18:26

Мемлекет басшысы GITEX AI Central Asia & Caucasus көрмесіне барды

Бүгін 18:20

Мемлекет басшысына Defense Tech қорғаныс пен қауіпсіздік саласындағы инновацияларды қолдау орталығы көрсетілді

Бүгін 18:16

Мемлекет басшысы Presight AI басқарма төрағасы Томас Прамотедхамды қабылдады

Бүгін 18:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);