Алматыда халық көп шоғырланған ауданда жаңа учаскелік полиция пункті ашылды, – деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
“Qazaq Stroy” құрылыс компаниясымен бірлескен әлемдік тәжірибе сәтті жүзеге асырылды. Бүгін Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы “AlemCity-1” тұрғын үй кешеніндегі полиция пунктінің салтанатты ашылуы өтті. Ресми салтанатты шараға қалалық полиция департаменті мен құрылыс компаниясының өкілдері қатысты. Екі тарап та бұл жобаның маңыздылығын, қажеттілігін атап өтті. Құрылыс салушы компания тұрғын үй кешенінен полиция учаскесінің толыққанды жұмыс істеуі үшін барлық қажетті заттармен жабдықталған, ауданы 30-40 шаршы метр ғимаратты бөлді. Қазірдің өзінде бұл пункттерге тұрғын үй кешендерінің аулалары мен кіреберістеріне, сондай-ақ іргелес аумақтардан камералар кіргізілді, бұл тәулік бойы қауіпсіздік пен тәртіпті бақылауға мүмкіндік береді.
– “Қала ішіндегі қала” қағидаты бойынша салынған заманауи тұрғын үй кешендері – бұл үлкен аумақты, өзіндік ішкі инфрақұрылымы бар және тұрғындар саны көп ауқымды жобалар. Мәселен, бұл тұрғын үй кешенінде 6 мыңнан астам адам тұрады. Мұның барлығы ішкі істер органдарынан ерекше назар мен бақылауды қажет етеді. Белгілі бір тұрғын үй кешенінің орталығында орналасқандықтан, учаскелік инспекторға өз міндеттерін орындау оңайырақ болады. Әрбір тұрғынды тани отырып, барлық қажетті ақпаратқа ие болады. Мұндай формат, біздің ойымызша, қылмыс деңгейін күрт төмендетіп, бір аймақтағы криминогендік жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл тәжірибе тұрғын үй алқаптары санының, қала аумағының ұлғаюына, халық санының өсуіне байланысты және бірден-бір мақсат – заңдылықты, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жедел әрекет етуді көздейді, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Мұхамедәлі Сейсенұлы.
– Бұған дейін Мемлекет басшысы өз Жолдауларының бірінде реформалар мен жұмысты “Қолжетімді полиция” қағидаты бойынша ұйымдастыру қажеттілігін атап өтті, мұнда басты рөл учаскелік полиция қызметкеріне жүктеледі. Ол өз ауданының тұрғындарына танымал, қолжетімді, азаматтар үшін беделді және олардың құқықтарын қорғауы қажет. Адамдарға жақынырақ болуы керек. Осы қағиданы негізге ала отырып, біз жобаға белсенді түрде қатысып жатырмыз және тұрғындардың қауіпсіздігі үшін басқа тұрғын үй кешендерімізде жаңа учаскелік пункттерді ашуды жоспарлап қойдық. Жақын арада басқа да тұрғын үй кешендерінде жаңа полиция пункттері ашылады, – деді “QazaqStroy” басқарушы директоры Болат Ибрагимұлы. 2021 жылдан бастап полиция пункттерін ТҮ-дің өзінде орналастыру тәжірибесі енгізілді. Бүгінде мұндай жоба алғаш рет құрылысшы мен ПД арасында өтеусіз негізде жүзеге асырылып жатыр. Қызметтік полиция құқық тәртібін қамтамасыз ету саласындағы мәселелерді бірлесіп анықтау және шешу үшін құқық қорғау органдары мен азаматтар арасында тұрақты серіктестік орнатуға негізделген.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/almatyda-halyq-kop-shoghyrlanghan-audanda-zhanga-uchaskelik-politsiya-punkti-ashyldy/