AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңа тұрғын үй салудың қарқыны жоғары

Алматыда жаңа тұрғын үй салудың қарқыны жоғары

Әлеумет 22.07.2021, 15:52 1,495
Алматыда жаңа тұрғын үй салудың қарқыны жоғары
Сурет: Business-class.su

Жыл соңына дейін 16,7 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.


Алматының жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында карантин мен эпидахуалға қарамастан, қалада тұрғын үй салу қарқыны жоспарланған деңгейде жүріп жатқанын айтты. Тіпті, олар өткен жылғы көрсеткіштен асып түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Алмасхан Ахмеджанов атап өткендей, әкімдік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылдың наурыз айында адамдардың жақсы өмір сүруін қамтамасыз ету және барлығы үшін бірдей мүмкіндіктер жасау жөнінде берген тапсырмасын орындауда.



«Әр адам  үшін бірінші және басты қажеттілік – қашан да баспаналы болу. Президент алға қойған басты міндеттердің бірі – қолжетімді тұрғын үй салу», – деді Алмасхан Ахмеджанов.



Айта кетерлігі, Алматы – елімізде тұрғын үйді іске қосу саны бойынша көшбасшы қалалардың бірі. Алматыда тұрғын үйді іске қосу қарқыны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 104,9%-ды құрады.


Осы жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында қалада 1 003,6 мың ш.м (бұл 9 738 пәтер) іске қосылды.


Оның ішінде:


- коммерциялық құрылыс – 638,3 мың ш.м немесе 7 371 пәтер;


- жатақхана ауданы – 10,4 мың ш.м;


– мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен (жайлы қалалық орта басқармасы) – 104,3 мың ш.м немесе 1 326 пәтер.


– жеке тұрғын үйлер – 1 067 (бұл 250 мың ш.м астам).


Статистикада көрсетілгендей, құрылыс саласы белгілі бір қиындықтарға қарамастан, мегаполистің жетекші экономикалық облыстарының бірі болып қала береді. Айта кетсек, жыл соңына дейін 16,7 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланған.


Басқарма басшысы жобалау алдындағы құжаттаманы беру туралы да айтты. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 3 296 сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) берілді, 4 330 эскиздік жоба келісілді.



«Көп қабатты және жеке үйлердің көпшілігі аудандарға қосылған аумақтарда салынатынын айтқым келеді, бұл «Алматы – шетсіз қала» тұжырымдамасына сәйкес келеді», – деді Алмасхан Ахмеджанов.



Спикер 2021 жылы Алматыда салынған әлеуметтік нысандар туралы айтты.



«Алматы - шетсіз қала» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында қаланың барлық аудандарында әлеуметтік нысандар салынуда. Мұндай нысандар, әсіресе, қосылған аумақтары бар аудандарда қарқынды салынуда. Қазіргі уақытта әлеуметтік мақсаттағы 78 нысанның құрылысы жүргізілуде», – деді Алмасхан Ахмеджанов. 



2021 жылы барлығы 55 нысан салынады, оның 23-і 2022 жылға ауысады. Қазіргі уақытта тоғыз нысан бойынша жұмыстар аяқталды. Олардың ішінде: Медеу ауданындағы әлеуметтік қызметтер үйі; Наурызбай ауданындағы екі балабақша; Түрксіб ауданындағы «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу орталығы» ғимаратын сейсмикалық нығайту; Бостандық ауданындағы №71 бөбекжай-балабақшасы, Бостандық ауданындағы №81 мектеп, Әуезов ауданындағы екі бөбекжай мен  №6 қалалық емхана сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеуден өтті.


Алмасхан Ахмеджанов Алматының барлық аудандарында қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес әлеуметтік нысандардың «қадамдық қолжетімді» қағидатының іске асып  жатқанын хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#үй #строительство #Алматы #құрылыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);