Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңа стадион салынады

Алматыда жаңа стадион салынады

Әлеумет 08.10.2025, 17:36 493
Алматыда жаңа стадион салынады
Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда жаңа стадион мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт орталығы салынып, «Медеуді» жаңартып жатыр

Алматыда спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған кешенді жобалар жүзеге асып жатыр. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында осылай деді.

Нұркент шағын ауданында 4 жабық және әртүрлі жабындысы бар 10 ашық корты қамтитын «Алатау» теннис орталығының құрылысы бітті. Райымбек даңғылы, 312 мекенжайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнаулы спорт орталығы да салынып жатыр. Оны 2026 жылы салып бітпек.

Басты басым бағыттардың бірі – FIFA және UEFA стандарттарына сай 35 мың орындық жаңа футбол стадионының құрылысы. Сондай-ақ, Орталық стадионды қайта жаңғырту, тарихи келбетін сақтай отырып «Медеу» мұз айдынын жаңарту мене қаланың әр ауданында алты дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу да жоспарланған.

Бұл жобаларды іске асырудың басты мақсаты – спорттың барша тұрғындар үшін қолжетімділігін арттырып,  Қазақстанның спорт астанасы ретіндегі Алматының мәртебесін нығайту.

Сонымен қатар, алматылық спортшылар республикалық және халықаралық ареналарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 2025 жылы олар 4 мыңнан астам медаль жеңіп алды: соның ішінде 3 534-і – Қазақстан чемпионаттарында, 119-ы – Әлем кубогының кезеңдерінде, 298-і – Азия чемпионаттарында және 68-і – әлем біріншіліктерінде. Айрықша жетістіктердің қатарында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатында Михаил Шайдоровтың күміс жүлдесі, спорттық гимнастикадан Нариман Курбанов пен Милад Каримидің Әлем кубогындағы жеңістері, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы шахматтан екі дүркін әлем чемпионы атанған Ксения Балабаеваның табысы бар.

Сондай-ақ, 8 алматылық спортшы Қазақстанның ұлттық құрамасы сапына еніп, IX Қысқы Азия ойындарында 20 медаль иеленуге үлес қосты. Алматылықтардың жетістігі қаланы елдегі спорттағы жетекші орталыққа айналдырып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Стадион #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Кеше 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Кеше 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Кеше 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Кеше 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Кеше 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі