Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Өмір-өзен / Алматыда «Жаңа Қазақстан» жастар қозғалысы құрыла...

Алматыда «Жаңа Қазақстан» жастар қозғалысы құрылады

Өмір-өзен 16.03.2022, 14:09 1,494
Алматыда «Жаңа Қазақстан» жастар қозғалысы  құрылады
Сурет: Almaty-akshamy.kz

18 наурызда Алматыда студенттер фестивалі өтеді.


16 наурыз күні Алматы белсенділерінің ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан» тақырыбында жастар қозғалысын ұйымдастыру туралы отырыс өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Іс-шараға қоғам белсендісі, меценат Сырымбек Тау, шығармашыл жастар өкілі Оңдасын Кұлымбет, G-38 студенттік қозғалысының негізін қалаушы Айсұлу Ерниязова, спорт шебері Жанқош Тұраров, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ проректоры Әлия Масалимова, Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры Шыңғыс Нұрланов, ҚБТУ проректоры Екатерина Смолякова, ХБК проректоры Қайыржан Меңдіғалиев және өзге де ЖОО-лардың өкілдері қатысты.


Шара барысында спикерлер жастар мен студенттердің белсенділігін арттыру мақсатында қоғам белсенділері тарапынан қандай жұмыс атқарылу керектігін айтты. 18 наурыз күні сағат 14:00-де Алматы жастарына жақсы серпіліс беру үшін «Алматы аренада» жеке кәсіпкерлердің қолдауымен концерт өтетінін хабарлады. Бұл концертке танымал өнер жұлдыздары мен атаулы азаматтар қатысады, олар мерекелік бағдарламамен қоса, өнегелі әңгіме айтып, өз тәжірибесімен бөліседі.



"Соңғы уақытта айналамыз негативке толып кетті. Студенттеріміз онлайн оқу форматына көшкелі бері, қоғамдық істерге белсенді атсалыса алмай жүр. Сондықтан біз жастарға жақсы көңіл-күй сыйлап, оларға өз тәжірибемізбен бөліссек деген ниеттеміз. Мақсатымыз - партия құрып, саяси мансап бастау емес. Азаматтық әрі ағалық жауапкершілігімізді сезініп, жастарды жақсы істердің басында біріктірмекпіз", – деді осы отырыстың ұйымдастырушысы Сырымбек Тау.



ЖОО-дардың проректорлары жеке кәсіпкерлердің мұндай ниет білдіріп, қоғамға пайдалы іс ұйымдастыруын студенттердің қуана қарсы алқанын хабарлады:



"Жастарды қолдауға бағытталған бұл шараны біздің студенттер жақсы қабылдады. Қазірдің өзінде 10-нан астам ЖОО басшылығы айтылған жұмыстарға үлес қосуға өз ниеттіліктерін білдірді. Осы отырысты ұйымдастырудың мақсат-мүддесі бүгінгі Президент Жолдауына айтылған мәселелермен тұспа-тұс келеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Қазақстан бізден басқа ешкімге керек жоқ», - деді. Үкімет тапсырмасынан бөлек қоғам белсенділерінің бірігіп ел дамуына қадам жасауы, Президент сөздерін дұрыс түсінуіміздің белгісі", – деді ХБК проректоры Қайыржан Меңдіғалиев.



Шара ұйымдастырушылары бұдан кейін де жастарды қолдауға арналған өзге де жұмыс атқару жоспарда бар екенін хабарлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жастар #қозғалыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2026 жылы Алматының нақтыланған бюджеті 2,8 трлн теңге болды

Бүгін 16:28

Алматыда "Almaty Business – 2030" кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бағдарламасы ұсынылды

Бүгін 16:26

"Заң және тәртіп": колледж студенттерімен құқықтық мәдениет тақырыбында ашық диалог өтті

Бүгін 16:10

2,8 трлн теңгелік бюджет: Алматыда білім, медицина және көлік инфрақұрылымы күшейеді

Бүгін 16:05

Алматыдағы шағын конфессиялар: қоғамдық келісім мен тұрақтылық тірегі

Бүгін 16:01
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.