AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда жаңа мамандықтар атласы жасалады

Алматыда жаңа мамандықтар атласы жасалады

Әлеумет 06.04.2022, 10:57 1,644
Алматыда жаңа мамандықтар атласы жасалады
almaty-akshamy.kz

Оның ерекшеліктері, мақсаттары мен міндеттері туралы Алматы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов айтып берді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Салалық сарапшылардың пікірінше, жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы -  қазірдің өзінде сұранысқа ие және жақын арада пайда болатын мамандықтар жинағы.


Қайрат Жұмановтың айтуынша, атлас Алматы қаласының ерекшелігін ескере отырып қалыптастырылатын болады. Әзірлеу нәтижелері бойынша өңір үшін, оның ішінде орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік Сыныптауышқа енгізілетін болашақ кәсіптері бойынша нақты ұсынымдар берілетін болады.



Қазіргі уақытта Алматы әкімдігі жанындағы мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу, қалыптастыру және орналастыру жөніндегі комиссия қалалық еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі мен санын қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде. 30 сәуірден бастап мемлекеттік тапсырыс қарастырылған мамандықтар туралы ақпарат білім басқармасының сайтында жарияланады.



Спикер сондай-ақ, 2019 жылдың қаңтарынан бастап Алматының 20 мемлекеттік колледжінде жан басына қаржыландыру енгізілгенін, ал 2022 жылдың қаңтарынан бастап тағы 29 жекеменшік колледж мемлекеттік тапсырыс аясында жұмыс істей бастағанын еске салды. Мемлекет басшысының мемлекеттік тапсырысты техникалық мамандықтарға қайта бағдарлау туралы тапсырмасы бойынша биыл студенттердің 60%-ы колледждерге тегін негізде қабылданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #білім #Студент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Бүгін 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Бүгін 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Бүгін 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);