Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда Жаңа жыл қалай тойланады?

Алматыда Жаңа жыл қалай тойланады?

Әлеумет 31.12.2022, 05:24 1,464
Алматыда Жаңа жыл қалай тойланады?
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

Алматыда қала қонақтары мен тұрғындары үшін 20 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін Республика Сарайының аумағында жаңажылдық фестиваль өтеді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.


Фестиваль аясында Абай алаңында 26 сәндік кіші сәулет пішіндер (КСП), түрлі дүкендері мен мейрамханалары бар 30 үй, сондай-ақ фотоаймақтар орнатылды, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттер жоспарланған:


- 29 желтоқсанда сағат 18:40-та сахнада Ninety one тобы мен Asia лайв-бенд өнер көрсетеді;


- 30 желтоқсанда сағат 18:40-та Nazima және Ava Band лайв-бенд қойылымдары өтеді:


 - 3 қаңтарда сағат 18:40-та лайв-бенд Guinness.    



Негізгі мәдени шаралар 31 желтоқсанда «Астана» алаңында – сағат 21:00-ден 23:50-ге дейін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді. Кештің жүргізушілері Данияр Батырбаев, Дәулет Бижанов және Анара Батырхан. Сахнада Абай Бегей, Мәдина Сәдуақасова, Мөлдір Әуелбекова, Рано Омарова, Парвиз Назаров, Luina, Асхат Тарғын, Димаш Дәулетов, Нұрсұлтан Нұрбердиев, «Орда», Ninety One, «КешYоu», «Жігіттер», «Шамис» топтары, Бүркіт пен Аиша, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев өнер көрсетеді. Президенттің құттықтау сөзінен кейін қалада 10 минутқа дейін созылатын мерекелік отшашу болады.


Жаңажылдық қысқы фестиваль жаңажылдық сыйлықтар бойынша тамаша идеялары бар қазақстандық дизайнерлер мен қолөнершілердің  өздері жасаған ағаш ойыншықтар, зергерлік бұйымдар, балауыз шамдар, тоқылған аксессуарлар, сыйлықтарды безендіру, ересектер мен балаларға арналған киім-кешектер ұсынатын жаңажылдық жәрмеңкеге жалғасады.


Еске салсақ, қаланың бас шыршасы Абай алаңында орналасқан, оның биіктігі 22 метр, 350 ойыншық және 10 мың мерекелік гирляндалармен безендірілген.



Қалада барлығы сегіз жасанды шырша қойылған, олар мына жерлерде орналасқан:


«Алматы Арена» мұз сарайының алдындағы алаңда;


* Астана алаңында;


* Абай алаңында;


* Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдер театры алдындағы алаңда;


* Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайының алдында;


* Тұңғыш Президент саябағында;


* Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының алдында;


* ҚБТУ ғимаратының алдындағы алаңда.


Медеу, Алмалы аудандарында және Астана алаңында фудкорт үйлері мен нүктелері орналасқан. Панфилов және Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшелерінде "жұлдызды аспанның" 2 сегменті безендіріліп, 12 тақырыптық КСП және 4 фото аймақ орнатылды. Тұңғыш Президент саябағында жаңажылдық стильде безендірілген 8 аймақ ұйымдастырылған. Қала бойынша биіктігі 1-ден 2,5 метрге дейінгі ертегі кейіпкерлерінің 40 көлемді фигурасы орнатылды.


Алматыда бес тегін мұз айдыны ашылған - Тұңғыш Президент саябағының алдында, Республика Сарайының алдында, Әуезов ауданындағы Ықылас,9 мекенжайдағы Таугүл ықшамауданында, Наурызбай ауданы әкімдігінің алдында Шұғыла шағынауданы, 347-де, Түрксіб ауданындағы Сейфуллин көшесі, 13 мекенжайдағы №6 Оқушылар үйінің алдында. Жақын арада Жетісу ауданындағы "Гүлдер" саябағында тағы бір мұз айдыны ашылады.    




Мұз айдындарына кіру – тегін, конькиді бір сеанста жалға алу құны (2 сағат) 1000 теңгені құрайды. Конькимен келгендер үшін коньки тебу тегін. Беру пункттері жұмыс күндері 10:00-ден 22:00-ге дейін және демалыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді, мұз айдындарының өзі тәулік бойы жұмыс істейді.Жаңа жылдық іс-шаралардың толық кестесі Алматы қаласы мәдениет басқармасының (@almatymadeniet) Instagram-дағы ресми аккаунтында жарияланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жаңажыл #мереке
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Ұлттық ұлан әскери қызметшілері сенбілікке белсене қатысты

Бүгін 18:49

Қала тазалығы – ортақ жауапкершілік: Алматыда мәдениет саласының өкілдері сенбілікке белсенді қатысты

Бүгін 16:55

Алматылықтар «Желтоқсан» саябағында сенбілікке қатысты

Бүгін 14:45

Болашақтың саясында өткен мереке: Алматыда «Тамырлас» жобасы басталды

Бүгін 14:19

ІІМ басшысы Сәденов Алматыдағы жол апатына қатысты бірқатар мәлімдеме жасады

Бүгін 14:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика