AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда жаңа фильмнің тұсаукесері өтті

Алматыда жаңа фильмнің тұсаукесері өтті

Мәдениет 23.04.2024, 11:09 1,526
Алматыда жаңа фильмнің тұсаукесері өтті
Сурет: 24.kz

Алматыда жастардың ерік-жігерін оятатын «LAULA» фильмінің премьерасы өтті.


Туындыда 22 жастағы арудың шым-шытырыққа толы кезеңі баяндалған. Шағын ғана қаладан шыққан қыздың алып шаһар Алматыға келіп, қалай миллионер атанғаны суреттеледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«LAULA» фильмнің сценраийі небәрі 10 күнде жазылып, туындының түсірілімі бар-жоғы 12 күнде аяқталған. Басты рөлді сомдаған блогер Лаура Лесбекке бұл идея Балиде саяхаттап жүргенде келіпті. Ол өзінің өмірін боямасыз көрсетуді көздеген. Фильм сюжетінде қаржылық қысылтаяң кезде шешім қабылдап, әрекет еткен адамның жетістікке жететіне сендіруге тырысады.



«Бұл фильм әрбір қазақ қызын, әрбір қазақ жасын лаулататын фильм, себебі бұл мотивациялық фильм, бұл әрбір жастың өзінің қалаған қалауына, арманына қолының жете алатынына көрсететін фильм және де бұл фильм арқылы өзінің қазір оты сөніп жүрген жандар, мүмкін ҰБТ-дан құлаған жандар, өзінің өмірлік жолын таппай жүрген жандар, өзінің өмірлік жолын табуына септігін тигізеді деген ойдамын», - дейді «LAULA» фильмінің продюсері Лаура Лесбек. 



Кино Алматы және Леңгір қалаларында түсірілген. Ал түсірілім командасының негізгі мүшелері 22 адам. Шығармашылық топ фильмді жастардың ата-аналарымен бірге көруіне кеңес береді. Өйткені, балаға әке-шешесінің қолдауы қаншалықты маңызды екені баяндалады.


«LAULA» фильмін көрген кезде мотивация алуға болады, Лаураның басынан өткен оқиғасы, өзінің қиналған сәттерінен бастап, қалай ол қиындықтарды жеңу керек, қалай өз-өзіңмен жұмыс жасау керек соның барлығы көрсетіледі, мен ол кинода Лаураның жігіті болып ойнаймын, басында ойлаған жоқпын бұл осындай әсерлі кино болады деп, өзім көрген кезде кәдімгідей ойландым», - дейді актер Дінмұхамед Жолдас. 

Өрімдей қыздың өзгеге шабыт берітін фильмін еліміздің барлық «Кинопарк» және «Киноплекс» кинотеатрларынан көруге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #жаңа фильм #таныстырылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды

Бүгін 16:23

Зарап Темірбеков мұрасы – ұрпақ жадында

Бүгін 16:07

Эпидемиялық маусымдағы сақтық шаралары

Бүгін 15:20

«Жыр аққуы – Марфуға»: ақын Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 14:58

Әлеуметтік жарна уақытылы аударылмаса, қайда шағымдану керек?

Бүгін 14:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);