ffin.kz

Алматыда инватакси қызметтері кімге көрсетіледі? 

Алматыда инватакси қызметтері кімге көрсетіледі?  almaty-akshamy.kz

Инватакси жобасы қосымша қажеттіліктері бар адамдар үшін қолайлы және қауіпсіз қозғалуды қамтамасыз етуге бағытталған және ағымдағы жылдың қыркүйегіне дейін екі ай ішінде пилоттық режимде іске асырылатын болады. Ол туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов айтып берді.


Спикердің айтуынша, мегаполисте "Инватакси" қызметін 2 мыңнан астам адам пайдаланады, оның 800-і мүгедек балалар. Биыл инватакси қызметін ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 920 млн теңге бөлінді.




"Бұған дейін мегаполисте қосымша қажеттіліктері бар адамдарды тасымалдауға мамандандырылған көлік тапшылығы байқалған болатын, және де инватакси қызметтерінің сапасына қатысты ескертулер болған. Көрсетілетін қызметтерді барынша қамту және сапасын арттыру үшін Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен және Еңбек министрлігінің қолдауымен «Яндекс. Такси» агрегаторы арқылы инватакси қызметтерін ұсыну жобасы жүзеге асты", - деді Б. Жаубасов. 



Сонымен қатар, жоба аясында оң нәтижелері бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістер енгізуді жоспарлап отырғанын атап өтті.


Қызметті жеткізушілер үшін Яндекс Такси платформасында есептік жазбалар жасалды және мүгедектігі бар адамдарды пилоттық жобаға қосу мүмкіндігі берілді. Осы пилоттық жобаға қосылған мүгедектігі бар адамдар «Яндекс такси» қосымшасы арқылы қызметтерге тапсырыс беруді ыңғайлы уақытта Яндекс Go қосымшасында арнайы әзірленген «INVA» тарифі арқылы дербес жүзеге асыра алады. Бұл пилоттық жобада күніне сапарлар санында шектеу қойылған, мүгедектігі бар бір адам үшін күніне 2 сапардан аспайтын лимит белгіленген.


Айта кету керек, жыл сайын бұл қызметке қажеттілік артып келеді: 2021 жылы 1462 мүгедек адам, оның ішінде 357 мүгедек бала болса, ал 2022 жылы 1488 мүгедек адам, оның ішінде 632 мүгедек бала.


Алматы қаласы бойынша қызмет азаматтардың бес санаты үшін ұсынылады: 
- кресло-арбамен қозғалатын және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін;
- көру қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін;
- аутизм спектрі бұзылған мүгедектігі бар балалар үшін (аутизм).


Шілде айынан бастап 2023 жылдың соңына дейін 4 "Инватакси" қызметімен Мемлекеттік сатып алу шарттары жасалды, автомобильдер саны 64-тен 100 көлік құралына дейін ұлғайтылды (32 жабдықталған автомашина және 68 жеңіл автомашина шығарылған жылы 2019 жылдан ерте емес).


Инватакси қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының тең мүмкіндіктер бөлімі жанындағы 338-30-09; 338-30-06 нөмірлері бойынша call-орталығына, сондай-ақ open-almaty.kz порталы арқылы хабарласу қажет.


Анықтама:


1. «Inclusion.kz» ҚБ – кресло-арбамен қозғалатын мүгедек адамдар (24 автокөлік). Байланыс: +7 707 710 60 50, +7 771 748 06 50, +7 747 195 35 75, +7 771 7480651;
2. «ЦРУ Инватакси» ЖШС – кресло-арбамен қозғалатын балалар (24 автомашина). Байланыс: +7 (727) 339-03-87, +7 701-306-07-76, +7 776-622-22-64;
3. «Social Project Organization Group» ҚБ – аутизммен ауыратын балалар (14 автокөлік). Байланыс: +7 (727) 254-55-94, +7 (727) 367-29-29,+7 708-254-55-94, +7 707-238-93-86;
4. Денсаулык зор байлык МҚБ – 18 жасқа дейінгі көру қабілеті бұзылған балалар (16 автокөлік). Байланыс: +7 707 878 2544, +7 702 925 0048;
5. Денсаулык зор байлык МҚБ – 18 жастан асқан көру қабілеті бұзылған мүгедектер (22 автокөлік). Байланыс: +7 700 070 57 10, +7 727 972 68 09.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07