AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда иісшіл ит ауыр қылмыстың бетін ашты

Алматыда иісшіл ит ауыр қылмыстың бетін ашты

Әлеумет 06.05.2022, 06:38 1,223
Алматыда иісшіл ит ауыр қылмыстың бетін ашты
Сурет: Almaty.tv

Ит күдіктілерді тауып берген. 


Алматыда жаппай төбелеске қатысушылар иісшіл иттің көмегі арқылы анықталды. «Агат» атты қызметтік-іздестіру иті оқиға орнында қалған қан арқылы күдіктілерді тауып берген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv сілтеме жасап.


Төбелес Жандосов пен Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан үйлердің ауласында болған.



«Оқиға орнына алдымен патрульдік экипаж келді. Содан кейін біз тергеу-жедел тобының құрамындамыз. Көшеде қанға боялған үстелдің аяғы, асхана пышағы, қан, басқа да төбелестің іздері анықталды. Ит ізін сезіп, жақын жердегі үйдің пәтерлерінің біріне апарды. Есік ашық болды.  Ішінде алты ер адам болды, біреуі құлағынан жараланған», – деді Алматы қалалық ПД ОКҚ кіші инспектор-кинологы Ерболат Көктал.



Жаппай төбелес ұйымдастырған бір топ адам пышақтан бөлек, атыс қаруын да қолданған.


Полиция қызметкерлері ұсталғандардың бірінен кесілген аңшы мылтығы мен пышақ тәркілеген. Киімі мен қолында қан ізі қалғанына қарамастан, төбелеске қатысқанын мүлде жоққа шығарып отыр. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.



«Қылмысқа қатысушылар ұсталды. Кімнің қару қолданғанын Бостандық аудандық полиция басқармасында басталған әрі қарай тергеу амалдары барысында анықталатын болады», – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің инспекторы Асқар Жырғалбай.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция #Ит #қылмыс #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы демалыс күнгі жәрмеңке

Бүгін 19:54

Алматы әкімі «Вечерний Алматы» газетінің журналистерін басылымның 90 жылдық мерейтойына орай мемлекеттік наградалармен марапаттады

Бүгін 19:50

Алматыда жөндеу жұмыстарына байланысты Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Бүгін 19:10

Стенд атудан Әлем кубогі кезеңінде Әсем Орынбай топ жарып, жаңа әлем рекордын орнатты

Бүгін 19:08

Астаналық оқушылар АҚШ-тағы әлемдік STEM жарысында топ жарды

Бүгін 19:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);