AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда ICE SCREAM XII республикалық пікірсайыс т...

Алматыда ICE SCREAM XII республикалық пікірсайыс турнирі басталды

Барлығы 15.12.2025, 13:07 500 Дина
Алматыда ICE SCREAM XII республикалық пікірсайыс турнирі басталды
сурет: автордан

Тәуелсіздік күніне арналған дәстүрлі ICE SCREAM XII республикалық пікірсайыс турнирі басталды. 15–16 желтоқсанын аралығында өтетін дәстүрлі пікірсайыс додасын Таңдаулы Экономисттер Одағының Жоғары Пікірсайыс Мектебі (ТЭО ЖПМ) ұйымдастырып келеді.

Таңдаулы Экономисттер Одағы бүгінгі таңда республикамыздағы ең танымал пікірсайыс мектептерінің бірі ретінде жастардың ойлау қабілетін, көшбасшылық дағдыларын және азаматтық белсенділігін дамытуда үлкен рөл атқарып келеді. 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ұйым талай мықты пікірсайысшыны, қоғам дамуына үлес қосып жүрген жаңа буын көшбасшыларын тәрбиеледі. Ұйымның үздік жобаларынын бірі осы – ұзақ жылдар бойы ұйымдастырылып келе жатқан ICE SCREAM XII турнирі.

ICE SCREAM турнирі – Қазақстандағы ең ауқымды пікірсайыс додасынын бірі. Интеллектуалды дода Алматы қаласындағы Нархоз университетінің қолдауымен ұйымдастырылады. Бұл – елдегі ең белсенді, білімге құштар және шешендікке бейім жастар бас қосатын маңызды пікірсайыс алаңы. Пікірсайыс – жас таланттардың интеллектуалды әлеуетін ашуға, ой еркіндігін дамытуға және білімді, белсенді жастардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған бағыт.

Бұл турнирдің нәтижесінде жаңа қатысушылар тартылып, университет ішінде дебат мәдениеті дамиды, академиялық ортаға қосымша үлес қосылады. Сонымен қатар, университеттің өзіндік бренді мен имиджін нығайтады, ал қатысушылар үшін тәжірибе жинау мен дағдыларын жетілдіру алаңы болып табылады.

Ұлттық деңгейдегі 12 жылдық дәстүр

Турнир пікірсайысқа енді қадам басып, бет бұрған қатысушылардың арасындағы дода болмақ. Ойынның өту форматтары келесідей: Америкалық парламенттік формат (АПФ) және Линкольн-Дуглас (ЛД).

Пікірсайыста қамтылатын негізгі тақырыптар:

–Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік;

–Тұрғын үй және әлеуметтік саясат:

–Ұлттық даму бағдарлары;

–Экономикалық модельдер.

Бұл бағыттар жас пікірсайысшыларға терең талдау жасауға, дәлелді ой айтуға және күрделі мәселелерге жаңаша көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, биылғы додаға 80 команда, 120-дан астам пікірсайысшы, 600-ге жуық көрермен жиналмақ.

Еліміздің әр өңірінен, айталық, Тараз, Шымкент, Алматы облысы, Талдықорған, Ақтөбе, Қызылорда қалаларынан келген жас пікірсайысшылар екі күн бойы айтыс-тартысы мол ой додасында бақ сынайды.

ТЭО CUP XIV турнирінің қонақтары ретінде SANA FOUNDATION Қоғамдық Қорының, SANA BUSINESS ACADEMY төрағасы Мақсат Халық, ҚР Президенті телерадиокешені директорының көмекшісі, экономист, журналист және қоғам қайраткері Ерболат Мұхамеджан, ҚР Қаржы министрлігі IMAK камералдық бақылау басқармасының басшысы Еркебұлан Нұрмаханов сынды белгілі тұлғалар қатысады.

Пікірсайыс додасы жастарға жаңа идеялармен бөлісуге, ұлттық деңгейде тәжірибе жинауға, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға, сондай-ақ, пікірталас және көшбасшылық дағдыларын дамытуға көп мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#пікірсайыс #білім #тэо
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36

Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағында бірлік күнін дәріптеген фестиваль өтті

Бүгін 14:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика