Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ХҚО күшейтілген режимде жұмыс істей баста...

Алматыда ХҚО күшейтілген режимде жұмыс істей бастады

Әлеумет 27.09.2022, 08:20 1,128
Алматыда ХҚО күшейтілген режимде жұмыс істей бастады
Сурет: Kapital.kz

Электронды кезек талонын алу кезегі артты. 


Шетелдіктердің ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын күшейтілген режимге көшіру жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 


«Азаматтарға арналған үкімет» филиалы басшылығы алматылықтарға үндеу жасады.



«Бүгінгі күні Қазақстан аумағына уақытша келген шетелдіктерге ЖСН беру қызметін және ҚР аумағында уақытша тұруға рұқсат алуға резидент еместердің келуіне байланысты филиалдың аудандық бөлімдерінде көрсетілетін қызметті алушылардың көбейгені байқалады. Осыған байланысты бірыңғай электронды кезек талонын алуға да кезек артты»,- дейді Алматы қалалық филиалының директоры Абдурасул Кулдашов.



Оның айтуынша, халыққа қызмет көрсету бөлімдеріндегі бірыңғай электронды кезек талондарын «анықтама» секторындағы мамандардан да, «Мобильді ХҚО» қосымшасындағы QR кодты сканерлеу жолымен де алуға болады.


QR кодтары барлық бөлімдерде қызмет алушыларға көрінетін жерлерде орналастырылған.


Сондай-ақ, ол шетелдіктердің ХҚО-ларға жаппай келуіне байланысты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арнайы күшейтілген ХҚО-ларда қабылдау туралы шешім шығарғанын айтты.


Алматы қаласында күшейтілген ХҚО «Құлагер» шағынауданы, Серіков көшесі, 6А (2-қабат) мекенжайында жұмыс істейді.


ЖСН алуға өтінім осы Жетісу аудандық күшейтілген ХҚО-да қабылданады.



«Қабылданған шаралар ХҚО-да ЖСН алушылар кезегін азайтады. Мемлекеттік корпорация болып жатқан жағдайды ретке келтіру үшін барлық мүмкіндікті қарастырып жатыр. Осы ретте клиенттерді түсінікпен қарауға шақырамыз» - деді ол.



ЖСН алу үшін шетелдіктерден жеке басын куәландыратын құжат талап етіледі.


Ал көрсетілетін қызметті алушының ресми өкілі жүгінген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат және өтініші қажет болады.


Шетелдіктер үшін ЖСН куәлігін беру мерзімі – 1 жұмыс күні. Қазақстанда ЖСН алу барлығына тегін.


Алматы қаласындағы ХҚО-лар штаттық режимде дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар сенбіде 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істеп тұр.


Қызмет алушылар «Мобильді ХҚО» қосымшасы, eGov mobile, EgovKzBot2.0 телеграм-боты, eGov электронды үкімет порталы және 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы ХҚО-ға кезекке тұру үшін алдын ала тапсырыс бере алады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #орталық #қызмет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда қызылшамен ауырғандардың саны артты

Бүгін 12:30

Былтырмен салыстырғанда 10% төмен: Алматыда ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты

Бүгін 12:17

Оқушыларға вейп сатқан топ құрықталды

Бүгін 12:01

Бұл "қарапайым инфекция" емес. Әлназарова ата-аналарға үндеу жасады

Бүгін 11:46

Алматы құрамасы еркін күрестен жастар арасындағы ел чемпионатында топ жарды

Бүгін 11:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі