AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Алматыда хореографиялық оқу орындарының VIII «Өрле...

Алматыда хореографиялық оқу орындарының VIII «Өрлеу» халықаралық байқауы өтеді

Мәдениет 04.04.2023, 15:27 1,185
Алматыда хореографиялық оқу орындарының VIII «Өрлеу» халықаралық байқауы өтеді
Сурет: Aqmeshit-zhastary.kz

А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде 2023 жылдың 4 сәуірі мен 10 сәуірі аралығында хореографиялық оқу орындарының VIII «Өрлеу» халықаралық байқауы өтеді.


Хореографиялық оқу орындарының VIII «Өрлеу» халықаралық байқауы әлемнің жетекші балет мектептері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында 2008 жылы құрылған. Содан бері байқаудың басты міндеті – хореографиялық оқу орындары арасында кеңінен тәжірибе алмасуды жүзеге асыру, хореографиялық өнер саласындағы жас дарындарды анықтау, орындаушылық шеберлікті арттыру, классикалық, халықтық және заманауи билердің озық дәстүрлерін дамыту, хореографиялық өнер саласындағы жас таланттарды дәріптеу, сондай-ақ Қазақстан хореографиялық білімі мен өнерінің әлемдік аренадағы имиджін ілгерілету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


2018 жылы байқау ЮНЕСКО қамқорлығымен өтетін балет байқауларының Халықаралық Федерациясының мүшесі мәртебесіне ие болды, ал Федерация төрағасы аты аңызға айналған Юрий Григорович.


Байқауда әрқашан көп қатысушылар жиналып (150-ден астам), осы уақытқа дейін кең географиялық қамтуды көрсетті. Биылғы жылы біз Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Оңтүстік Корея және т. б. қатысушыларды күтілуде.


Байқау үнемі көптеген қатысушыларды жинайды (150-ден астам) және оның географиялық қамтуы да кең. Биыл Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Оңтүстік Корея және басқа елдерден қатысушылар келеді деп  күтілуде.


Байқаудың хореографиялық білім беру саласында маңызды дидактикалық миссиясы бар. Ұйымдастырушылар байқаудың әрбір жаңа маусымын Қазақстанның хореография өнерінің көрнекті қайраткерлеріне арнайды. Мәселен, хореографиялық оқу орындарының «Өрлеу» халықаралық байқауының VIII маусымы қазақтың тұңғыш кәсіби балеринасы, Қазақ КСР халық әртісі Сара Ыдырысқызы Көшербаеваның 90 жылдығына арналады. Сонымен қатар, «Қазақ хореографиялық өнері мен білімінің көрнекті қайраткерлері» және «Ұлттық хореографиялық өнер мен білімнің өзекті мәселелері» тақырыптарында «Селезнев оқулары» атты халықаралық ғылыми-зерттеу конференция өтеді, онда 2023 жылы мерейтойлары атап өтілетін балет қайраткерлері Д. Т. Әбіров (100 жас) және Б. Г. Аюханов (85 жас) шығармашылықтары қарастырылады. Конференцияның «Қазақ, қырғыз, өзбек билері мысалында түркі халықтарының халық билерінің ұқсастығы мен айырмашылықтары» тақырыбындағы практикалық бөлімі Алматы, Өзбек және Бішкек хореографиялық училищелерінің оқытушыларының қатысуымен өтеді.


Байқау аясында Қазақстанның және шетелдің хореографиялық өнерінің жетекші мамандарының шеберлік сабақтары мен семинарлары өтеді. Оның ішінде Францияның «Ruée des Arts» би тобының «Costard» спектаклінің қойылымы мен заманауи хореография бойынша шеберлік сыныбы жоспарлануда.


Айта кетерлігі, байқаудың тарихында алғаш рет финалдық турлар, сонымен қатар гала-концерт жаңадан ашылған Almaty Theatre сахнасында көрермендердің қатысуымен өтеді. Бұл өз кезегінде ұйымдастырушыларға жеке «халық таңдауы сыйлығын» белгілеуге мүмкіндік береді. Байқау күндері Almaty Theatre сахнасында байқау жеңімпаздарының салтанатты гала-концертімен аяқталады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Хореография #байқау #халықаралық дода
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);