AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда халықтың әл-ауқатын бағалау үшін сауалнам...

Алматыда халықтың әл-ауқатын бағалау үшін сауалнама жүргізіледі

Әлеумет 06.09.2024, 11:27 918
Алматыда халықтың әл-ауқатын бағалау үшін сауалнама жүргізіледі
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда әйелдер мен балалардың әл-ауқатын бағалау үшін мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) басталды.

Алматыда сауалнамаға 1536 үй шаруашылығы қатысады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Алматы қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы Дархан Исаев мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Спикердің айтуынша, ҚР Ұлттық статистика бюросы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп, 2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап Қазақстанда халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) жүргізуді бастады, ол елдің 20 өңірін қамтиды.

MICS-тің негізгі мақсаты – әйелдер мен балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын бағалау және мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін маңызды деректерді жинау. Сауалнама денсаулық сақтау, тамақтану, білім беру, балалардың дамуы мәселелерін қамтиды, сонымен қатар психикалық денсаулық, жұмыспен қамту, неке және өмірдің басқа да маңызды аспектілері қарастырылады.

«Далалық жұмыстар басталмас бұрын сауалнама алатындарға арналған оқыту семинары өткізілді, онда мамандар сауалнама жүргізуге дайындалды. Ұлттық және халықаралық сауалнамаларда тәжірибесі бар сұхбат берушілер үй шаруашылықтары, әйелдер, ерлер және әртүрлі жастағы балалар үшін бес негізгі сауалнаманы пайдаланады. Барлық сауалнамалар мемлекеттік органдармен келісілді», – деді Д.Исаев.

Әр сауалнама тұрмыс пен денсаулықтың түрлі аспектілерін қамтиды:

  • үй шаруашылығының сауалнамасы;
  • әйелдерге арналған сауалнама;
  • ерлерге арналған сауалнама;
  • бес жасқа дейінгі балалар туралы сауалнама;
  • бес жастан он жеті жасқа дейінгі балалар туралы сауалнама.

Сауалнамаға ерікті және жасырын түрде қатысуға болады. Ұлттық статистика бюросы сауалнамаға қатысқан үй шаруашылықтарын ерекше формасы мен белгілері бар сұхбат жүргізушілердің жұмысына түсіністікпен қарауға шақырады.

Барлық деректер тек статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылады, ал қорытынды есеп Бюро мен ЮНИСЕФ сайтында жарияланады. Барлық туындаған сұрақтар бойынша 1446 нөмірі арқылы Бюроның байланыс орталығына хабарласуға болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #халық #Сауалнама
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08

Тоқаев ел тарихында алғаш рет әкімшілік құқықбұзушылық бойынша рақымшылық жасалатынын мәлімдеді

Бүгін 15:35

«ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!»

Бүгін 15:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика