AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арнал...

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Алматы Бүгін 20:20 35 yakiya
Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті
Алматы әкімдігі

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

1 маусым күні Алматы қаласының Орталық демалыс саябағында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАЛА ӘЛЕМІ» атты үлкен қалалық мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Мерекенің басты оқиғасы қазақстандық эстрада жұлдыздары, жас таланттар және арнайы қонақтардың қатысуымен өткен ауқымды концерттік бағдарлама болды. Көрермендер алдында Қазақстанның Халық әртісі Нағима Есқалиева мен Диас Аблаев өнер көрсетті. Сонымен қатар шығармашылық жолын халықаралық «BOZTORGAI» байқауының сахнасынан бастаған Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әмре, Kyle Ruh, Ayree және Alem ән шырқады.

Мерекелік концерттің арнайы қонақтары ретінде Болгариядан келген жас жұлдыз Виктория Илиева және «Славян базары – 2013» байқауының Гран-при иегері, Польшадан келген танымал композитор әрі әнші Михал Качмарик қатысты. Ол сондай-ақ 2 маусым күні дәл осы сахнада басталатын «BOZTORGAI – 2026» халықаралық байқауының қазылар алқасының құрамында жұмыс істейді.

Концерт бағдарламасын республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Ақерке Амалят, Мирас Нағашыбай, Жасмин Түзелова, Дастан Тұрдалы, сондай-ақ Алматы қаласының үздік вокалдық студиялары, шығармашылық мектептері мен би ұжымдарының өнер көрсетуі көркейте түсті.

Концерттің ерекшелігі – виртуалды жүргізуші, интеллектуалды көмекші AI-Сұлудың қатысуы болды. Қазақстандағы Жасанды интеллектті дамыту жылы аясында AI-Сұлу көрермендермен қызықты деректер, ерекше мәліметтер мен танымдық ақпараттармен бөлісіп, заманауи технология мен шығармашылықтың үйлесімін көрсетті.

Күні бойы балалар мен ата-аналар үшін түрлі тақырыптық алаңдар жұмыс істеді. Атап айтқанда, «Қайрат» – чемпион!» футбол алаңы, «Шахмат патшалығы» зияткерлік алаңы, суретшілердің шығармашылық аллеясы, «Ұлы даланың үні» музыкалық бағдарламасы және қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарына арналған интерактивті алаң ұйымдастырылды. Жүздеген бала байқауларға, шеберлік сабақтарына, спорттық жарыстарға және шығармашылық белсенділіктерге қатысты.

«БАЛА ӘЛЕМІ» мерекесі мыңдаған жас алматылықтар мен олардың ата-аналарын біріктіріп, қонақтарға жарқын эмоциялар, жаңа әсерлер мен балалық шақтың, шығармашылықтың және қуаныштың ұмытылмас атмосферасын сыйлады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының медициналық ұйымдарында Балаларды қорғау күніне орай 400-ге жуық бала құттықталды

Бүгін 19:11

Зейнолла Ыдырысов Challenge Cup турнирінің күміс жүлдегері атанды

Бүгін 18:25

Бибісара Асаубаева Norway Chess Women-де тағы көшбасшы болды

Бүгін 18:22

Алматының «Шығыс қақпасы» полиорталығында бірегей қоғамдық кеңістік құру жоспарланып отыр

Бүгін 18:05

«ЭКО-Балалық шақ»

Бүгін 17:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);