AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Халық заңгері» акциясы өтіп жатыр

Алматыда «Халық заңгері» акциясы өтіп жатыр

Әлеумет 30.05.2025, 15:14 872 Гүлжанат СЕМБАЕВА
Алматыда «Халық заңгері» акциясы өтіп жатыр
aqshamnews.kz

Құқықтық кеңес беру – азаматтардың сауатын арттырып, мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін тереңірек түсінуге жол ашады. Осы мақсатта бүгін, 30 мамырда Алматы қаласының Әділет департаменті әкімдікпен бірлесіп, «Халық заңгері» акциясын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Бұл акция – халық пен мемлекеттік органдар арасындағы байланыс пен сенімді нығайтатын тиімді алаң. Іс-шара аясында тәжірибелі заңгерлер мен адвокаттар, Әділет департаментінің мамандары тұрғындарды толғандырған сауалдарға жауап беріп, бағыт-бағдар көрсетеді.

Алматы қаласы Әділет департаментінің ресми өкілі Шынар Мақсатқызының айтуынша, бұл акция елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ал биыл Алматы қаласында ұйымдастырылған шараның ауқымы бұрынғыдан әлде қайда кеңірек. Акция үш бірдей жоғары оқу орнында – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде, Д.Қонаев атындағы және Каспий университеттерінде өтеді. Абай университетінде таңғы сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өтсе, Қонаев және Каспий университеттерінде кешкі сағат 17:00-де басталады.

Абай университетінде өткен іс-шараға Алматы қаласының прокуратурасы, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, Әділет департаментінің бас мамандары, миграциялық қызмет, сондай-ақ қалалық басқармалар мен аудандық әкімдіктердің өкілдері қатысты. Барлығы 40-қа жуық маман тұрғындарға тегін заңды кеңес беріп, құқықтық көмек көрсетті.

«Түске дейінгі уақыттың өзінде 50-астам тұрғын әртүрлі мәселелер бойынша заңгерлерден кеңес алды. Жиі қойылған сұрақтар – әлеуметтік қамтамасыз ету, мүгедектік алу тәртібі, алимент өндіру, жеке сот орындаушыларына қатысты, шоттардың бұғатталуына байланысты және жер қатынастары төңірегінде болды», – деді Шынар Мақсатқызы.

Акция кезінде тұрғындарға құқықтық бағыт-бағдар беріліп, әрі қарай мәселені шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға немесе аудандық әкімдіктерге жүгіну қажетігі  түсіндірілді. 

Келесі акциялар өтетін екі университетке де мамандар жіберіліп, тұрғындарға мемлекеттік қызметтің барлық бағыты бойынша кеңес беріледі. Бұған дейін акция өтетіні жөнінде ақпараттандыру шаралары әлеуметтік желілер, мемлекеттік органдардың ресми сайттары арқылы алдын ала жүргізілген болатын.

Айта кететін жайт, «Халық заңгері»  – ел көлемінде өтіп жатқан кең ауқымды республикалық акция. Алматы қаласындағы іс-шара бір күнге жоспарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #заңгер #Кеңес #құқық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Кітап оқудың маңызы зор

Бүгін 17:28

Қазақстанның төрт боксшысы Әлем кубогі финалына шықты

Бүгін 15:44

Ақтауда екі жұмысшы тұз қышқылынан күйіп қалды

Бүгін 14:43

Трамп қатысқан қабылдауда қарулы адам шабуыл жасады

Бүгін 12:24

Жексенбіде еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 11:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика