AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда "Халық үні" тәуелсіз бақылаушылар тобы ре...

Алматыда "Халық үні" тәуелсіз бақылаушылар тобы референдум қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізді

Алматы 05.03.2026, 20:16 372 Дина
Алматыда "Халық үні" тәуелсіз бақылаушылар тобы референдум қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізді
Самат Құсайынов

Алматыда «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы алдағы 15 наурызда өтетін референдумға байланысты арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Жиын барысында топ өкілдері дауыс беру процесінің ашық әрі әділ өтуін бақылауға бағытталған жұмыстар туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Ұлт бірлігін ту етіп, әділдікті ұран еткен белсенді азаматтардан құралған бастама тобы референдум кезінде дауыстың бұрмаланбауын және халықтың еркін таңдау жасау құқығының сақталуын басты мақсат етіп отырғанын айтты.

«Халық үні» – тәуелсіз, бейресми және ешқандай ресми құрылымға жатпайтын қоғамдық бірлестік. Бұл бастама негізінен жастардың, саясаттанушылардың, сарапшылардың және елдегі маңызды саяси процеске бейжай қарамайтын азаматтардың ынта-жігерінің арқасында құрылған. Біз алдағы референдумды еліміз үшін маңызды кезеңдердің бірі деп санаймыз. Сондықтан осы үдерісте өз үлесімізді қосқымыз келеді. Біздің байқаушыларды іріктеудегі басты өлшем – олардың жұмыс істеуге деген ниеті, қоғамға көмектесуге деген талпынысы және азаматтық жауапкершілігі. Айта кету керек, біздің бастаманың арнайы қаржыландыру көзі жоқ, байқаушыларға еңбекақы төлемейміз, ешқандай қорлар да жоқ. Соған қарамастан жастардың қызығушылығы жоғары. Олар осы жұмысқа қатысып, өздерін сынап көргісі келеді, – деді жазушы, қоғам белсендісі Бекнұр Қисықов.

Белсендінің сөзінше, бірлестіктің қатарында 18–20 жастағы жас жігіттер мен қыздар да бар. Басты мақсат – оларды дұрыс бақылау жүргізуге үйрету.

Байқаушыларға қойылатын басты талап – адалдық пен ашықтыққа деген ұстаным. Сонымен қатар олардың ішінде қоғамды жақсартуға деген шынайы ниет, ынта-жігер болуы керек.

Саясаттанушы Нұргелді Әбдіғаниұлының айтуынша, «Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы еліміздің бірқатар өңірінде бақылау жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және өзге де өңірлерде бақылаушылар жұмыс істемек.

"Бүгінде 1000-нан аса тәуелсіз бақылаушыны іріктеу және оқыту жұмыстары жүргізілуде. Арнайы дайындықтан өткен бақылаушылар референдум күні дауыс беру учаскелерінде болып, сайлау процесінің заң талаптарына сәйкес өтуін қадағалайды", – деді Нұргелді Әбдіғаниұлы.

Сонымен қатар, бастама тобы саяси науқандар кезінде қоғамдық бақылаудың маңызы зор екенін атап өтті. Осыған байланысты «Халық үні» тобы өз қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының барлық сұрақтарына ашық екенін жеткізді. Жиын соңында ұйымдастырушылар қоғам белсенділерін елдегі маңызды саяси науқанға бейжай қарамай, азаматтық жауапкершілік танытуға шақырды.

Дана САДЫРҚАН

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясы академиктерінің қатары толықты

Бүгін 19:34

Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен халықаралық робототехника турнирлерінде ірі жеңістерге қол жеткізді

Бүгін 19:32

Қазақстан халықаралық турнирлерде үш медаль жеңіп алды

Бүгін 19:27

Қазақстан боксшылары Венгрияда 15 медаль алды

Бүгін 19:25

«Аналитикалық ойлауды дамыту»: Алматыда «Аналитика мектебі» білім беру жобасының үшінші аптасы өтті

Бүгін 18:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);