AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аяс...

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулаларды абаттандыру жалғасып келеді

Әлеумет 11.11.2024, 16:06 759 Bakyt
Алматыда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулаларды абаттандыру жалғасып келеді
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматы әкімі Ерболат Досаев жаңа стандарт бойынша абаттандырылған аулалармен танысты

Әуезов ауданына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Ерболат Досаев «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында көріктендірілген аула аумағын көрді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматыда аулаларды ауқымды жаңарту жұмыстары Мемлекет басшысының жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылуда. Әуезов ауданында 966 аула бар, олардың 500-і ағымдағы және күрделі жөндеуді қажет етеді. Былтыр Әуезов ауданында 174-тен астам аулада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Биыл 23 аулаға күрделі жөндеу жасалса, тағы 137 аулаға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.

Аулаларды абаттандыру сонымен қатар «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жүргізіледі. Биыл Әуезов ауданында 57 жоба жүзеге асырылады, оның ішінде 41 ауланы абаттандыру қарастырылған, солардың бірі – №2 шағын аудандағы 41 және 42 үйлер арасындағы аула.

Аула аумағы «АлматыБасЖоспар» ғылыми-зерттеу институтының әдістемелік нұсқаулығына сәйкес күрделі жөндеуден өтті. Онда әрбір ауланы көріктендірудің стандарты мен өзіндік ерекшелігі ескерілген. Аулада балалар және спорт алаңдары салынды, 19 көше жарықтандыру бағанасы, 12 бейнебақылау камерасы орнатылды, 390 шаршы метрлік футбол алаңы салынды, 300 метрлік жасыл қоршау және 50 ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, 3 мың шаршы метрден асатын жасыл аймаққа автосуару жүйесі мен 400 метрлік тротуар орнатылды.

«Жаңартылған ауламыз бізге өте ұнайды – балалармен серуендейтін аналар үшін өте қолайлы, бізге тіпті басқа аулалардың тұрғындары келіп, уақытын осында өткізеді. Бұрынғы күйімен салыстырғанда айырмашылық үлкен – Еуропа бізге келгендей! Біз ауламыздың абаттандыру жұмыстарына белсене қатысып, оны қолайлы ету үшін ұсыныс білдірдік. Пікірлерімізді ескергендеріңізге рахмет!», – деп тұрғындар Алматы әкіміне алғыс білдірді. 

Қала басшысы халық тығыз орналасқан және көпқабатты үйлер көп шоғырланған Әуезов ауданында аулаларды абаттандыру және жаңарту басты міндет екенін атап өтті. Ерболат Досаевтың айтуынша, абаттандыру жаңа стандарт бойынша жүргізілуде, мұнда сапа мен қауіпсіздік талаптары ескерілген – бейнебақылау, жарықтандыру, автосуарғышпен жабдықталған көгалдандыру жүйелері орнатылады. Осылайша, қала тұрғындарына жайлы жағдайлар жасалуда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #аула #Халық қатысатын бюджет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57

Алматы қаласының әкімі  кітап оқу эстафетасын жалғастырды

Кеше 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика