ffin.kz

Алматыда халық игілігіне берілген жобалар артты

Алматыда халық игілігіне берілген жобалар артты Сурет: ашық дереккөз

Мегаполис тұрғындарының көптеген мәселесі қысқа мерзімде шешілді


Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру, денсаулық сақтау және әлеуметтік көмек, экономика және кәсіпкерлік – әр салада алматылықтардың жайлы тұруы үшін, бизнесті дамыту және қоршаған ортаны жақсарту үшін іс-шаралар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ақжар шағынауданында ауызсу мәселесі шешілді.


Наурызбай ауданы Ақжар ықшамауданының тұрғындары 10 жылдан бері ауызсу тапшылығын көріп келген еді. Жаңа сорғы стансасы арқылы ықшамауданның 70%-ы таза ауызсумен қамтылды. Қала әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданындағы бірқатар нысанды аралап, жұмыс барысымен танысты.



Қоғамдық кеңістікті абаттандыру нәтижесін тексеру барысында қала әкімі жергілікті тұрғындармен әңгімелесті.



«Алматыда үлкен саябақ салу үшін бос жердің болмауы қиындық туғызады, бірақ тұрғындардың жайлылығы үшін жергілікті деңгейде саябақтар мен скверлер салып жатырмыз. Осындай мысалдың бірі – Наурызбай ауданындағы тұрғындардың демалысы үшін салынған жаңа қоғамдық кеңістік», – деді Ерболат Досаев.




Тұрғындар ауданда өмір сүру сапасын одан әрі жақсарту мақсатында өзекті мәселелерді шешкені, Ақжар шағынауданының халқын ауызсуға тұрақты қолжетімділікпен қамтамасыз еткені үшін алғысын білдірді.


Өңдеу өнеркәсібі өсіп келеді


Экономика мен бизнесті дамытуға келетін болсақ, Алматының өңдеу өнеркәсібі 20% өсім көрсетті. Биылғы алғашқы 6 айда өңдеу өнеркәсібі саласында өндірілген өнімнің жалпы құны 979,4 млрд теңге болды, бұл алдыңғы көрсеткіштің бестен бір бөлігіне көп.



«Оның өсімі индустриялық аймақтың кеңеюімен, арнайы экономикалық аймақтың дамуымен және жаңа өнеркәсіптік парктердің құрылуымен тікелей байланысты», – деді Берік Солтанбаев.




Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қазіргі уақытта Алматының индустриялық аймағын дамытуға басымдық берілгенін де айтты. Оның аумағында қазірдің өзінде 10 мыңнан астам жұмыс орнын ашқан 381,4 млрд теңгеге тең 87 жоба іске асырылуда.


Креативті индустрия әлемдік экономикадағы басым саланың бірі


Сонымен қатар креативті индустрия әлемдік экономикадағы басым саланың бірі екенін де атады. Оның әлеуетін ескере отырып, мегаполис аясында осы саланы тиімді әрі сапалы дамытудың оң шешімі табылды.



«Былтыр Мемлекет басшысы қала халқымен кездесу барысында бастапқы капиталы 10 млрд теңге болатын креативті индустрияның қалалық венчурлық қорын құру жөніндегі бастаманы қолдады, ондағы 5 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінді, қалған 5 млрд теңге жеке инвестициялар есебінен тартылды», – деді Берік Солтанбаев.



Алматыда өнеркәсіп парктерінің 30 мың шаршы метрден астам үй-жайлары салынған. Қазірдің өзінде олар кәсіпкерлік субъектілерімен толықты және 2025 жылға қарай ауданын 250 мың шаршы метрге дейін ұлғайту жоспарланған.



Бала біздің болашақ


Қалада балаларды емдеу үшін денсаулық сақтау саласында бірқатар жұмыс жасалды.


Алматы қалалық әкімдік мәліметінше мегаполисте балаларды тәулік бойы 8 медициналық ұйым оңалтудан өткізеді.


Екі кезеңді оңалту - нейрохирургиялық, неврологиялық, кардиологиялық және травматологиялық бейіндер бойынша №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында, сонымен қатар, екі бағыт: нейрохирургиялық және травматологиялық бағыттар бойынша жүргізіледі. 3 кезеңді оңалту бес мемлекеттік балаларды оңалту орталығында және бір жекеменшік орталықта жүргізіледі.



Әр балаға 43 мың теңге


Биыл 1-сыныпқа баратын балаларға келетін болсақ, Алматыда «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан 2023 жылы мектеп формасы мен кеңсе керек-жарақтарын сатып алу үшін бір балаға 43 мың теңге жұмсалады екен. Алматы қаласы білім басқармасының ақпараты бойынша, осы қордан ХӘОТ санатындағы (халықтың әлеуметтік осал топтары) 15 мыңнан астам оқушы көмек алды.


Еске салсақ, «Жалпыға бірдей білім беру» қоры жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.



Жастар қоныс тойын тойлады


Ал мегаполистің 200 тұрғыны «Алматы жастары» бағдарламасы аясында 2023 жылдың басынан бері қоныс тойын атап өтті.



Қала әкімдігі мегаполистің тарихи келбеті туралы ұмытпайды.


Тарихтан сыр шерткен «Мың тамшы»


Экология және қоршаған орта басқармасының мамандары Алматыдағы «Мың тамшы» тарихи субұрқағы қалпына келтірілгенін мәлімдеді.



«Алматы қаласының Экология және қоршаған орта орта басқармасы Северный алаңында қайта жөндеу жұмысын жүргізді. Саябақ аумағында суару жүйесі қалпына келтірілді. Сонымен қатар субұрқақ жаңартылып, ең бастысы тарихи келбетін сақтап қалды», – деді Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы Думан Қаптағаев.




Алматыда автокөлік иелері үшін бірыңғай тұрақ кеңістігінің тұжырымдамасы әзірленуде. Онда тарифті, оның ішінде резиденттік рұқсаттарды анықтау әдісі қарастырылған. Ақылы коммуналдық автотұрақтарды пайдалану ережесі Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы қаулысымен реттелді. Бұл құжатта резиденттік келісімдер қарастырылмаған.


Серкан сөзінде тұрды


Сондай-ақ әкімдік әуежайда тұрақ пен көп сағаттық кезек мәселесін атап өтті. TAV Airports Holding компаниясының президенті Серкан Каптанмен өткен кеңесте қала әкімі Ерболат Досаев инвестордың назарын Алматы әуежайында қызмет көрсету сапасына байланысты бірқатар проблемалық мәселелерге аударды. Қала тұрғындары мен қонақтары көп сағаттық кезектерді, багажды ұзақ күтуді, тұрақ орындарының жетіспеушілігін және тиісті шаралар қабылдауды талап ететін басқа да қолайсыздықтарды атап өтеді.



Әуежай әкімшілігі қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша шаралар қабылдауда-багаж желілері жаңартылды, жаңа кондиционерлеу жүйелері орнатылды, жайлы автобустар сатып алынды.


Жаңа жолаушылар терминалы ашылған кезде әуежай әкімшілігі ескісін жаңартуды жоспарлап отыр. Осылайша, жаңа жолаушылар терминалы тек халықаралық рейстерге, ал қолданыстағы терминал ішкі рейстерге қызмет көрсетеді.


Ерболат Досаев құрылыс жұмыстарының аяқталуын жеделдету қажеттігін атап өтіп, нысанның стратегиялық маңыздылығына байланысты Алматы әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.


Бұған дейін Алматы халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалы ғимаратының ашылуы 2024 жылдың тамызында жоспарланған болатын.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04