AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ғимараттарды сейсмикалық күшейту бойынша...

Алматыда ғимараттарды сейсмикалық күшейту бойынша қалалық бағдарлама әзірленеді

Әлеумет 18.12.2024, 13:43 1,046
Алматыда ғимараттарды сейсмикалық күшейту бойынша қалалық бағдарлама әзірленеді
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
 

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте, қалада жүргізіліп жатқан сейсмоаудиттің нәтижелері туралы сұраққа жауап бере отырып мәлімдеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

«Халықаралық стандарттарға сай ғимараттар мен құрылыстардың нақты сейсмикалық тұрақтылығын анықтау мақсатында қалада 21 441 нысанды қамтыған сейсмоаудит, яғни нысандарды паспортизациялау жүргізілді», – деп атап өтті мегаполис басшысы.

Оның айтуынша, 2017-2018 жылдары жүргізілген сейсмоаудиттің нәтижесінде 10 525 нысан зерттелсе, 2023-2024 жылдары екінші кезең аясында 10 916 нысан тексерілген.

«Келесі жылдың басында «ҚазНИИСА» АҚ атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша аналитикалық есеп ұсынады. Осыдан кейін тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандарды сейсмикалық күшейту бойынша алғашқы кезектегі шаралар жоспары қабылданады. Жалпы, нақты мәліметтерге сүйене отырып және АҚШ, Жапония, Израиль тәжірибесін ескере отырып, біз ғимараттарды сейсмикалық күшейту бойынша қалалық бағдарламаны әзірлейміз және іске қосамыз», – деп атап өтті Ерболат Досаев.

Сонымен қатар, қалада мемлекеттік әлеуметтік ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстары жыл сайын жүргізілуде. 2025 жылы Бостандық және Медеу аудандарындағы 3 мектептің сейсмикалық күшейту жұмыстары аяқталады, ал Түрксіб ауданындағы №50 мектеп-лицейдің сейсмикалық күшейту жұмыстары басталады. Сондай-ақ, Әуезов, Бостандық және Медеу аудандарындағы 7 балабақшада осындай жұмыстар жүргізіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #сейсмоаудит #Ерболат Досаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына қатысушылар саны 7 млн адамнан асты

Бүгін 09:15

Театртанушы Бағыбек Құндақбайұлына – 100 жыл

Кеше 22:25

Мемлекет басшысы Каспий экология саммитінде сөз сөйледі

Кеше 19:01

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Кеше 18:29

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа тарихи меже алдындағы ортақ міндет – Достастықтың халықаралық беделді ұйым ретіндегі әлеуетін күшейтіп, жаңа геосаяси жағдайға бейімдеу»

Кеше 18:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);