AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Алматыда Генетика және физиология институты ғылыми...

Алматыда Генетика және физиология институты ғылыми ізденісін таныстырды

Барлығы 22.12.2025, 11:06 496
Алматыда Генетика және физиология институты ғылыми ізденісін таныстырды
Сурет: Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Институттың генетика және физиология саласындағы директоры, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетіне қарасты Генетика және физиология институтының директоры Асқар Калекешов Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне генетика, физиология, биомедицина, агробиология және палеогенетика салаларында соңғы жылдары қол жеткізілген негізгі ғылыми әзірлемелер мен қолданбалы нәтижелер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Спикердің айтуынша, Ғылым комитетінің қолдауымен институт іргелі зерттеуден бастап денсаулық сақтау, агроөнеркәсіп кешені мен мемлекеттік ғылыми саясаттың міндеттеріне бағытталған қолдануға дайын толық ғылыми циклді іске асырады.

«Біздің зерттеулер медицина, ауыл шаруашылығы мен биологиялық ресурстарды сақтау үшін нақты шешімдер қалыптастыруға бағытталған. Бұл – институттың негізгі ұстанымы», - деп атап өтті Асқар Қалекешев.

Қазақы ит тұқымдары тазы мен төбетті зерттеп, сақтау да Институттың жұмысындағы маңызды бағыттың бірі саналады. Олар  Қазақстан мен Моңғолияның бес өңіріндегі 700-ден астам итті зерттеп, алғашқы геномдық банк, биобанк пен электрондық деректер базасын, сондай-ақ интерактивті ГИС-карта құрыпты осы жолы. Алынған деректер генетикалық алуандықтың жоғары деңгейін және инбридингтің төмен екенін растаған.

«Бұл зерттеу төбет тұқымын мемлекеттік деңгейде сақтап, дамытып, оны халықаралық деңгейде танытуға ғылыми негіз қалыптастырады», - дейді.

Агробиология және ветеринария саласында институт ауыл шаруашылығы жануарларының өнімділігін арттыруға бағытталған зерттеулер жүргізіп жатыр. Елдің алты өңірінде SNP-генотиптеу қолданылған далалық зерттеулер жүргізіліп, аурулардың өңірлік ерекшелігі зерттеліп, вакцинацияның жануарлар метаболизмі үшін қауіпсіз екенін дәлелдеген.

Мал шаруашылығында тиімді азық қоспасын қолдануға арналған гранттық жоба аясында институт ғалымдары жергілікті шикізатқа негізделген азықтық өсімдіктер мен монтмориллониттердің тиімділігін дәлелдеді. Зерттеулер ақуыз алмасуының жақсарғанын, жануарлар өнімділігінің артып, азықтандыру шығынының азайғанын да көрсетті. Жоба расталып, қазір ол елдің батыс өңірлеріндегі шаруа қожалықтарында кәдеге жарай бастаған.  

«Біз жергілікті азықтық ресурстарды пайдалану ғылыми тұрғыдан негізделген нәрсе ғана емес, фермерлер үшін де экономикалық тұрғыдан  тиімді екенін дәлелдеп бердік. Бұл шешімдер қазір қолданысқа еніп, пайда әкеліп отыр», - дейді институттың директоры Асқар Қалекешев.

Етті қойлардың  генетикалық негізін зерттегенде (2023–2025 жылдар) омыртқа саны мен ет шығымына әсер ететін негізгі гендер анықталған. Бұл дерек болашақта отандық қой тұқымын жетілдірер кезде селекциялық жұмыста қолданылатын экспресс-генетикалық тестті әзірлеуге түрткі болды.

Қазақстандағы құйрықты қой тұқымдарының эволюциясы да зерттелді. Ғалымдар бұл тұқымның қалыптасуында Қазақстан аумағының үлкен рөл атқарғанын анықтап, көне генетикалық желілерді айқындап, алынған деректерді ұлттық генетикалық ресурстарды сақтап, сертификаттап, одан әрі дамытуға пайдалануға болатынын растады.

Баяндамада биомедициналық зерттеулер де айтылды. Онкологиялық, жүрек-қантамыр және эндокриндік ауруларды зерттеу аясында кең ауқымды SNP-генотиптеу жүргізіліп, қауіп пен қорғаныштың генетикалық маркерлері анықталды, клиника-генетикалық деректер базасы қалыптастырылды.

«Бұл зерттеулер Қазақстанда дербестендірілген медицинаны дамытуға сеп болады», - дейді ол.

Институт палеогенетика саласында да еңбектеніп жатыр. Орталық Еуразияның көне халқының ДНҚ-сы энеолиттен орта ғасырға дейінгі кезеңді қамти отырып, алғаш рет толықгеномдық деңгейде зерттелді. Ол деректер Қазақстанның қазіргі халқының генетикалық сабақтастығын растады.

«Палеогенетикалық зерттеулер Қазақстан аумағының Орталық Еуразия халқының қалыптасуындағы тарихи және биологиялық маңызын көрсетеді», - деп атап өтті Асқар Қалекешев.

Қорытындылай келе, институт директоры  бұл ғылыми әзірлемелер халық денсаулығын қорғауға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, елдің биологиялық әртүрлілігін сақтауға елеулі үлес қосып отырғанын айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Генетика және физиология институты #ғылыми ізденіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Наурыз: мерекелік іс-шаралар төртінші күн қатарынан жалғасуда

Кеше 21:42

Наурыз мерекесі аясында Алматыда жас таланттар өнер көрсетті

Кеше 21:35

Тоқаев альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берді

Кеше 16:18

Оқушылар сарайының Наурыз керуені алматылықтардың жүрегін баурады

Кеше 14:57

Қазақстандық блогерге мемлекетаралық іздеу жарияланды

Кеше 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика