Республикалық мемлекеттік академиялық корей музыкалық комедия театры Бауыржан Момышұлының ерлігін, өрлігін насихаттайтын “Дала ұланы” деген спектакль қойды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Театр актерлары оқ бораған майдан даласындағы кескілескен шайқасты, оқ пен оттың ортасында бір-бірін сүйрелеген жараланған солдаттардың жанкешті бейнесін би элементтерімен-ақ шебер жеткізе білді.
Спектакльде патриотизммен бірге, қуаныш, бақыт, махаббат та бар.
Актерлар майдан, Жеңіс әндерін тек жанды дауыста шырқады.
Super Star.kz жобасының алғашқы маусымының қатысушысы, гран-приден кейінгі орынды иеленген қазақстандық әнші Роман Ким де - осы корей музыкалық театрының белді мүшесі. Майдан даласында анасын сағынып жүрген солдат болып ән салды.
Бауыржан Момышұлын сомдаған - актер Данияр Арипов.
“Дала ұланы” қойылымының режиссеры Юрий Цай, сценарий авторлары Юрий Цай және Евгений Ни.