AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жү...

Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр

Әлеумет 28.11.2024, 10:09 1,019 Bakyt
Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша ескі сынап және натрий шамдары жаңа жарықдиодты (LED) шамдарға ауыстырылуда. Ағымдағы жылдың 10 айында қалада бес мыңнан астам жарықтандыру құрылғылары ауыстырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Шамдарды ауыстыру бүкіл көшелер мен шағын аудандарды қамтыды. Мысалы, Наурызбай ауданында Абай мен Алатау даңғылдарының қиылысында ескілерінің орнына 335 жаңа шам орнатылды. Түрксіб ауданындағы Сүйінбай даңғылында Бекмаханов көшесінен Красногорская көшесіне дейін 260 шам ауыстырылды. Жетісу ауданындағы Көкжиек шағын ауданының көшелерінде 120 шам ауыстырылды, ал Алатау ауданының Зерделі шағына ауданында осыншама шам  жаңарды.

«Біздің Шапағат шағын ауданында №151 мектептің жанында ескі сары шамдар тұрды, олар өте күңгірт жанатын. көшеде жарық қосулы кезде қараңғы болды. Балалар сабақтан жартылай қараңғыда оралды, ата-аналар алаңдап, әкімдікке шағымданды. Міне, бізді ақыры естіді. Алматының Қала Жарық бригадасы келіп, барлық шамдарды жаңасына ауыстырды. Олар өте жарқырайды, енді түнде көшеде күндізгідей жарық болады, біз компания мен әкімдікке жайлылық пен қамқорлық үшін алғыс айтамыз», - дейді шағын аудан белсендісі Сара Жанетова.

«Біз өте қуаныштымыз, мен тұратын Байсейітова көшесіндегі барлық аулалар мен жолдарды толығымен жарықтандыратын қуатты жаңа шамдар қойылды. Бұрын мұнда ескі шамдар жанатын, олардың жарығы  аз болды, олар өздерінің алдындағы кішкене дақты ғана жарықтандыратын.  Сонымен қатар, біз білгеніміздей, жаңа шамдар әлдеқайда үнемді. Бұрын бізде 300, тіпті 500 Ватт шам тұрса, енді 100 ватт шам қойып, олардан әлдеқайда көп жарық түсірді», - деді алматылық Алексей Касьянов.

«Алматы Қала Жарық» айтқандай, сапалы LED-шам 50 мың сағатқа дейін үздіксіз жұмыс істей алады – бұл ескі үлгідегі аспаптарға қарағанда 30 есе ұзағырақ. Бұл жағдайда энергияны үнемдеу 90% дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар, жарықдиодты шамдар кәдеге жаратуда қиындықтар туғызбайды, өйткені құрамында сынап пен натрий жоқ.

Ескі шамдарды жаңасына ауыстыру жұмыстары 2025 жылы да жалғасады. Олар аудандық әкімдіктермен бірлесіп өткізіледі, олардың балансында қаланың сыртқы жарықтандыру желілері бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Алматы қала жарық #шамдар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);