Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Алматыда еліміздегі ең ірі бейнебақылау жүйесі құр...

Алматыда еліміздегі ең ірі бейнебақылау жүйесі құрылды

Әлеумет 24.05.2025, 11:55 643
Алматыда еліміздегі ең ірі бейнебақылау жүйесі құрылды
Алматы қаласы әкімдігі

Үш жыл ішінде Алматыда мектептер, балабақшалар мен ауруханаларда қауіпсіздік жүйесі енгізілді

Алматы үш жыл ішінде технологиялық шешімдер мен цифрлық қауіпсіздік орталығы ретінде позициясын нығайтты, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Ерболат Досаевтың қала әкімі ретіндегі үш жылдық қызметі аясында елімізде алғаш рет ауқымды жүйелі цифрлық жобалар жүзеге асырылды. 2023 жылы қала әкімдігі Қазақстанда алғаш болып мемлекеттік мектептер мен балабақшаларда кешенді қауіпсіздік жүйесін енгізді. 2024 жылы медициналық мекемелерде де осындай жүйе орнатылып, әлеуметтік нысандардың қорғалу деңгейі едәуір артты.

Алматы қаласының Бірыңғай бейнебақылау жүйесі негізгі жобалардың бірі болды. Қазіргі таңда бұл жүйеге 52 мың камера қосылған, ал 2025 жылдың соңына дейін олардың саны 70 мыңға жеткізіледі деп жоспарланған. Бұл жоба еліміздің басқа өңірлері үшін үлгі болып, ұқсас шешімдер енгізіле бастады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2024 жылы 25 қаңтардағы тапсырмасы аясында Алматыда елімізде алғаш рет ұялы байланыс арқылы Cell Broadcast технологиясы негізінде төтенше жағдай туралы хабарландыру жүйесі іске қосылды. Бұл жүйе халықты жедел әрі нақты уақыт режимінде ақпараттандыруға мүмкіндік береді.

Алматы IT-сектордың дамуында да елімізде көш бастап келеді. Елімізде көрсетілетін барлық IT-қызметтің 52%-ы осы қалаға тиесілі. Бүгінде жасанды интеллект қолданылатын бейнебақылау технологиялары кеңінен енгізіліп жатыр.

Қалалық әкімдік жүргізіп отырған жан-жақты цифрлық трансформация тұрғындардың қауіпсіздігін арттырып қана қоймай, заманауи, жайлы қалалық инфрақұрылымды қалыптастыруға мүмкіндік беріп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #цифрлық қауіпсіздік #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Трамп саясатына қарсы «No Kings» шеруі өтті

Кеше 15:32

Түркістанда айыппұл алғанына ашуланған екі ер адам камераларды тас-талқан еткен

Кеше 14:24

Қазақстанға Қызыл кітапқа енген төрт Амур жолбарысы әкелінеді

Кеше 12:11

Данияр Шамшаев Хорватиядағы Еуропа кубогында чемпион атанды

Кеше 11:34

“Қайрат” Санкт-Петербургте “Зениттен” жеңілді

Кеше 10:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика