Бұл – қазақстандық ғалымның кәсіби беделінің және отандық ботаника ғылымының халықаралық деңгейде мойындалуының жарқын көрінісі, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
2026 жылғы 24–25 қарашада Мәскеу қаласында Ресей ғылым академиясының Бас ботаникалық бағында ТМД елдері ботаникалық бақтары кеңесінің VIII съезі өтті.
Съезд аясында өткен есеп беру-сайлау конференциясының қорытындысы бойынша Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне қарасты «Ботаника және фитоинтродукция институты» РМК бас директоры Гүлнара Тоқбергенқызы Ситпаева Кеңес төрағасы болып сайланды.

Кеңес өсімдіктердің биологиялық әртүрлілігін сақтау, тірі өсімдіктердің ғылыми коллекцияларын, тұқым банктері мен генетикалық ресурстарды дамыту бағытында ТМД елдері ботаникалық бақтарының күш-жігерін біріктіреді.
Бұл – қазақстандық ғалымның кәсіби беделінің және отандық ботаника ғылымының халықаралық деңгейде мойындалуының жарқын көрінісі.
