AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Қазақстанда ЖРВИ мен тұмау боынша эпидемиологиялық...

Қазақстанда ЖРВИ мен тұмау боынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Медицина Бүгін 11:33 15
Қазақстанда ЖРВИ мен тұмау боынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Екі миллионнан астам қазақстандық тұмауға қарсы екпе алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі ЖРВИ мен тұмау ауруларының маусымдық өсуіне дайын. Мектептердегі эпидемиологиялық жағдай шектеу шараларын енгізуді қажет етпейді. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Қыркүйек айының басынан бері елде ЖРВИ-дің шамамен 1,5 миллион жағдайы тіркелді. Соңғы аптада 133 мыңнан астам жағдай анықталған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,7 есе аз.

Екі миллионнан астам қазақстандық тұмауға қарсы екпе алды

Тұмаудың алдын алу мақсатында биылғы эпидемиологиялық маусымға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдары ескерілген 2,2 миллион доза вакцина сатып алынды.

Бүгінгі таңда екі миллионнан астам қазақстандық вакцина алған. Вакцинациялау науқаны 1 желтоқсанға дейін жалғасады.

Халықтың ең осал топтарын – балаларды, жүкті әйелдерді, егде жастағы адамдарды және созылмалы аурулары бар азаматтарды қорғауға ерекше назар аударылады.

Қазіргі уақытта еліміздің мектептерінде оқушылар санының 20%-дан астамы ЖРВИ-мен ауыратын сыныптар тіркелмеген. Оқытуды қашықтан оқыту форматына ауыстыруға немесе кабинетсіз оқыту жүйесін енгізуге негіз жоқ.

Мектептер мен балабақшаларда балалардың сабаққа қатысуына күнделікті мониторинг жүргізіліп, таңертеңгі сүзгі ұйымдастырылған.

Сархат Бейсенова ата-аналарды балаларында ауру белгілері байқалған жағдайда оларды үйде қалдыруға шақырды. Бұл асқыну қаупін азайтып, инфекцияның балалар ұжымдарында таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Ауруханалар сырқаттанушылықтың маусымдық өсуіне дайын

Еліміздің барлық өңірінде инфекциялық төсек-орын қорын қосымша ашу жоспарлары әзірленген. Төсек қорының жүктемесі 85%-ға жеткен жағдайда пациенттерді емдеуге жатқызуға арналған орындар саны жедел арттырылады.

Күнделікті мониторинг медициналық ұйымдарға түсетін жүктемені уақтылы бағалауға және қажетті төсек резервін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Коронавирус бойынша жағдай тұрақты

Жыл басынан бері Қазақстанда коронавирус инфекциясының 381 жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе аз. Өлім жағдайлары тіркелген жоқ.

Коронавирустың айналымдағы нұсқаларына зертханалық мониторинг жүргізу жалғасуда.

Маусымдық инфекциялардың таралу қаупін азайту үшін мамандар үй-жайларды үнемі желдетуге, қол гигиенасын сақтауға, ауру белгілері болған жағдайда қоғамдық орындарға бармауға және медициналық көмекке уақтылы жүгінуге кеңес береді.

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің барлық өңіріндегі эпидемиологиялық жағдайды бақылауды жалғастыруда. Маусымдық инфекциялардың алдын алу, халықтың денсаулығын қорғау және эпидемиологиялық маусым бойы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету басым міндеттер болып қала береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімдігі Сәтбаев көшесіндегі ірі шыршалардың кесілуіне жол бермеді

Бүгін 11:36

Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау жөніндегі комиссия құрылды – Президент Жарлығы

Бүгін 11:07

Путин Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың дамуын атап өтті

Бүгін 10:32

Әскери қызметшілер соғыс ардагерін туған күнімен құттықтады

Бүгін 10:25

Алматыда әкім Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен Беспақов көшесі тұрғындарының төрт жылдан бері шешілмей келген мәселесі шешілді

Бүгін 10:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);