конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда экология, инклюзия мен қоғамдық бастамала...

Алматыда экология, инклюзия мен қоғамдық бастамалар бас қосады

Алматы Бүгін 17:50 31
Алматыда экология, инклюзия мен қоғамдық бастамалар бас қосады
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алматыда осымен үшінші рет экология мен инклюзияға арналған жылдағы InEco Fest 2026 фестивалі өтпекші, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Биылғы іс-шара «Бастау» деген атпен ұйымдастырылып, тұрақты даму, экологиялық мәдениет пен инклюзивті қоғам мәселесі төңірегінде экологиялық ұйымдарды, ғылыми қауымдастықты, бизнесті, қоғамдық қорлар мен қала тұрғындарының басын қоспақ. Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында фестивальді ұйымдастырушылар мен серіктестері осылай деп мәлімдеді.

ITeachMe қорының операциялық директоры Даурен Бекғожаевтың айтуынша, фестиваль экология ұғымын табиғатты қорғаумен ғана шектемей, оған кең ауқымда қарамақшы.

«Біз бір-бірімізге жанашыр болмасақ, қоршаған ортаға да қамқор бола алмаймыз. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандар мен ерекше балаларды бағып отырған отбасылар фестивальға жай ғана қонақ болып келмей, оны ұйымдастыруға атсалысып, іс-шараның авторы да атанады», – деді спикер.

Бас ботаникалық бақтың маркетинг пен PR бөлімінің басшысы Баян Көспенбетова биылғы фестивальдің тақырыбы етіп «Бастау» деген сөзді әдейі таңдап алғандарын жеткізді. Бұл атау білімнің, шабыттың, күш-қуаттың, қолдау мен қоғамдағы оң өзгерістің символын білдіреді.

Оның сөзінше, жыл сайын ғалымдарды, экологтарды, еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың басын қосатын фестивальдің негізгі алаңы Бас ботаникалық бақ болмақ. Келушілер үшін тегін шеберлік сабағын, сарапшылар дәрісін, экологиялық ойын, шығармашылық шеберханалар мен интерактивті алаңдарды қамтитын ауқымды отбасылық бағдарлама әзірленген.

«Фестивальден жақсы әсер ғана алып қайтпай, күнделікті өмірде қолдана алатын жаңа білім де қоса алып қайтса дейміз», – дейді Баян Көспенбетова.

Chevron компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Жанар Көшпанова фестивальдің қоғамды тұрақты дамыту үшін білім беруді, ынтымақтастықты, табиғи ресурстарға жауапкершілікпен қарау мен азаматтарды оң өзгеріске тартуды мақсат етіп отырғанын айтты.

Оның сөзінше, балалармен, отбасымен жұмыс істеуге көп көңіл бөлген. Өйткені экологиялық әдет пен қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениеті дәл осы балалық шақта қалыптасады екен.

«Мама Про» қорының зерттеу мен адвокация жөніндегі үйлестірушісі Айнұр Құдайбергенова фестивальдің инклюзивті құрамдас бөлігінің маңыздылығына тоқталды.

«Фестиваль қонақтары инклюзия тақырыбына кеңірек көзқараспен қарап, оны қоғамымызды мейірімдірек, мықтырақ әрі адамгершілігі жоғары етуге мүмкіндік ретінде қабылдайды деп үміттенеміз. Себебі бір-бірімізге қамқор болу – экологиялық мәдениеттің де ажырамас бөлігі», – деді ол.

GreenUp.kz (Recycle Birge) қоғамдық қорының директоры Әлия Сәлменова фестиваль аясында «Экологиялық өмір салты» атты арнаулы аймақ ұйымдастырылатынын хабарлады. Онда келушілерге қалдықты сұрыптау, қайта өңдеу, саналы тұтыну мен әр адамға қолжетімді қарапайым экологиялық әдет туралы ақпарат береді.

«Біз экологияны түрлі шектеулер жиынтығы ретінде емес, күнделікті өмірдің табиғи бөлігі ретінде көрсеткіміз келеді. Егер фестивальден кейін әр адам өзімен бірге кем дегенде бір жаңа экологиялық әдетті алып кетсе, біз үшін бұл үлкен жетістік болмақ», – деп атап өтті ол.

Ұйымдастырушылар фестиваль биыл да қаланың ең ірі қоғамдық алаңдарының біріне айналады деген ойда. Өткен жылы InEco Fest фестиваліне 4 мыңнан астам адам қатысты. Олардың қатарында балалы отбасылар, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, мектеп оқушылары, студенттер, жас мамандар, ғылыми қауымдастық өкілдері мен қалалық қоғамдық бастаманың белсенділері болды.

Фестиваль аясындағы барлық іс-шаралар, соның ішінде шеберлік сабақтары, дәрістер, концерттер мен театрлық перформанс келушілер үшін тегін өтеді. Қатысу үшін тек қолданыстағы тариф бойынша Бас ботаникалық баққа кіру билетін сатып алсаңыз болды. Ал алты жасқа дейінгі балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға кіру тегін болып қала береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#фестиваль
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда онкологиялық орталығы бар көпбейінді аурухана салынады

Бүгін 17:34

Алматыда ALMA LOVE 2026 фестивалі 20 мыңнан астам жастың басын қосады

Бүгін 16:44

Көлік министрлігі КҚББЖ жүйесінің жекелеген функциялары бойынша өтпелі кезеңді ұзартты

Бүгін 16:36

Қазақстандықтардың 72,3%-ы жаңа Құрылтай үшін дауыс беруге дайын

Бүгін 16:31

Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?

Бүгін 15:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);